Кредиттер саны: 6 Курс, семестр: 2-курс, 2-семестр Оқу жылы



бет2/8
Дата17.03.2023
өлшемі61,22 Kb.
#75226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус ежелгі және хандық д. әдебиеті (3)

Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту» курсынан ежелгі түркі ескерткіштерінен бастап, қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясының ерекшеліктерімент анысады. Қазақ жыраулар поэзиясының ежелгі түркілік әдеби ескерткіштерімен дәстүр жалғастығын, сол кезеңдердегі лирикалық жанрға тән сипаттарды ғылыми тұрғыдан талдауға үйрене отырып және оны қалай оқытудың, неге баса көңіл аудару керектігін әдістемелік тұрғыдан меңгереді.
Оқу курсының типі: ТК
«Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту» пәнінің мақсаты:-Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерді және хандық кезеңіндегі мұраларымызды жан-жақты таныстыру, төл әдебиетіміздің қайнар бастауы сонау ежелгі заманнан бастау алатынын және көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнына, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті:
- білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге ала отырып, студенттерді қазақ әдебиеті тарихының қайнар бастауларымен таныстыру;
- Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің туындыларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, мазмұны және оны оқыту туралы білім беру;
- қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы, ежелгі әдебиетіне тән мұралар, хандық дәуір әдебиетінің даму ерекшеліктеріжәне оны оқытудың оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау және т.б. мәселелерді меңгерту;
- оқу бағдарламасы аясында білім беру ресурстарын қолдануға үйрету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет