Кредиттік оқыту технологиясы



бет1/3
Дата21.01.2022
өлшемі32,71 Kb.
#24165
  1   2   3
Байланысты:
Ағманов Сапарғани БӨЖ 12-апта


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
мөж

Тақырыбы: Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру

Орындаған: Ағманов С.

Қабылдаған: п.ғ.к.



аға-оқытушы Ахмет Л.С.

Шымкент, 2021 жыл


Кредиттік оқыту технологиясы
Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады. Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Атап айтсақ, оқу жоспарларына міндетті және элективті пәндер жүйесі енгізілді. Оқу жоспарына кіретін пәндердің жалпы көлемінің 40% астамын элективті пәндер құрайды. Таңдау еркіндігі кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып табылады: студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады, және де білім траекториясын өздері қалыптастыра алады. Осыған орай типтік және жұмыс жоспарларымен қатар білім мазмұнын, оқыту ұйымдастырылуын анықтайтын білім алушылардың жеке оқу жоспарлары (Curriculum) енгізілді.

Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай жүргізіледі.

Бакалавриатта 1 кредит 15 апта (семестр) бойы студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 сағатына мен аудиториялық жұмыстың 1 академиялық сағатына тең. Осылайша, кредиттің еңбек сыйымдылығы 45 академиялық

сағатқа (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ) тең. Студент бір семестрде 12 – 18 кредит, бір жылда 24 – 36 кредит жинауы керек. 4 жыл ішінде бакалавр 128 кредит, ал магистрант 6 жыл ішінде 176 кредит жинайды.

Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар. Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – әлем тәжірибесінде қабылданған Office Hours терминінің аналогы. БОӨЖ мақсаты – студентке аудиториялық сабақтар материалы бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық жобаларды, есептеу-графикалық және бақылау жұмыстарын орындауға мүмкіндіктер туғызу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет