Кредиттік оқыту технологиясы



бет3/3
Дата21.01.2022
өлшемі32,71 Kb.
#24165
1   2   3
Байланысты:
Ағманов Сапарғани БӨЖ 12-апта

«кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын.

1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады.

Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген.

Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:



  • білім көлемін біріздендіру;

  • оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;

  • білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;

  • білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.

Кредиттік технологияның бағыттары:



Педагогикалық инноватика – педагогикалық жаңашылдықта жасау,оларды педагогикалық қауымдастықтың бағалауы және игеруі, практикада қолдануы туралы ілім.

Педагогикалық неология – педагогика саласындағы кез келген жаңалық үйреніледі, жалпыланады, қорытылады, педагогикалық технология мониторингі анықталады.

Педагогикалық аксиолоия педтехнологиялардың ішінен ең сапалылары таңдалады.

Педагогикалық праксология – таңдап алынған педагогикалық жаңалықтар практикада қолданылады.

Оқу/оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы.

(А.Маслоудың идеялары бойынша Н.Сандерстің кестесі)

Кредиттік технологияны республикамызда қолдану үшін арнайы және жеке талаптар:



  • Кредиттік технологияның ғылыми концепциялары, яғни философиялық, психологиялық, дидактикалық және қоғамдық педагогикалық негіздері анықталуы тиіс;

  • Кредиттік технологияның сапалылығын бағалауды өлшемдері анықталуы тиіс;

  • Кредиттік технологияда басқаруды, сатылауды, диагностикалауды, әдіс-тәсілдер және құралдар арқылы таңдаудың нәтижелерін корррекциялау.

Кредиттік оқыту жүйесінің өзгешіліктері:

  1. Студенттердің (оқушылардың) оқу-тану іс-әрекеттері біртұтас құрылымдық қалыпқа келтіріледі.

  2. Әр пәндік курс бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастырылады.

  3. Жоғары (орта) оқу орындарының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау.

  4. Жоғары оқу орындарының (орта мектептің) оқытушыларының үйретушілік қызметтерін логикалық біртұтас құрылымға келтіру.

Кредиттік оқыту технологиясында оқытудан күтілетін нәтиже:

Студенттің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы білім сапасын жоғарлату, бәсікеге қабілетті мамандарды дайындап, шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет