КРЕМНИЙДІҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Кремнийдің көп кездесетін , әрі өте тұрақты қосылысы оның диоксиді SiO , оның элементтерден түзілуі оңай, әрі көп жылу бөліп шығаратын реакциялар қатарына жатады:
SiO + O =SiO H=-848,5 кДж/мол
Кремний диоксиді – түссіз қатты зат,
Кремнийдің бұдан басқа оксиді (SiO)х бар, жаратылыста кездеспейді, қолдан алады ( ):
SiO +Si=2SiO
Қошқыл сары түсті, борпылдақ, ұнтақ, баяу тотығып SiO айналады , «монокс» деген бояу жасау үшін және изоляцияға қолданылады.
Кремнийдің диоксиді – кремний ангидриді және кремнезем деп те аталады,; бұл жаратылыста көп кездесетін зат, дербес күйінің өзі жер қыртысы массасының жартысынан артығы кремний диоксиді үлесіне келеді. Кремнезем кристалдық және аморфты күйде боады.
Кристалдық кремнеземнің маңыздысы кварц деген минерал, ол түссіз, мөлдір, алты қырлы призма, ұшы алты қырлы пирамида болып бітетін кристалдар оны тау хрусталі деп атайды. Тау хрусталі түрлі тұздар арласуынан түсі өзгереді, оның жасылдауын – аметист, күңгірттеуін түтінді (дымчатый) топаз дейді. Кварцтың бір түрі шақпақ тас. Кварцтың өте ұсақ кристалды түрін агат, яшма деп те атайды.
Кәдімгі құм да кварц. Ақ киыршық құм таза кварц, бірақ түрлі қосаплардың (көбіне темір тұздарының) араласуынан түсі өзгеріп сары құм, қызыл құм, қара құм деп те аталады.
Аморфты кремнезем жаратылыста азырақ. Кейбір қарапайым су өсімдіктерінің панцірі (тас қабығы) негізінде аморфты кремнеземнен құрылған. Сондай панцірьлардың көп жиылып қалған жерінде трепель, инфузор топырағы деп аталатын тау жынысының бір түрі пайда болады. Кремний қышқылын қыздырса суы ұшып, қалған кремний диоксиді ақ түсті, аморфты , сусылдақ ұнтаққа айналады.
Қышқылдары. Кремний диоксиді SiO кремний қыщқылының ангидриді болғанымен , суда ерімейді ,әрі онымен реакцияласпайды. Кремний қышқылына сәкес келетін қышқыл ортокремний қышқылы , ол қышқыл оңай конденсацияланып полиметакремний қышқылын ( ) түзеді, оны қысқартып деп те жазады.
Кремний қышқылын алу үшін әдетте не ерітіндісін күкірт , не тұз қышқылымен әрекеттейді., сонда алдында мөп-мөлдір ерітінді кілегейленіп қатады, не каллоид күйіне көшеді, ол ерітіндіде түзілген кремний қышқылы, бұл процестің теңдігі мынадай:
Бұл теңдікте кремний қышқылының формуласы да келісім бойынша шартпен жазылып отыр , өйткені бұл реакциядан құрамын бір формуламен жазатын бір қщышқыл түзілмейді. Фосфордағы сияқты кремнийдің де , біренеше толып жатқан қышқылдары бар, айырмашылығы құрамынндағы судың мөлшерінде. Жаңағы реакция нәтижесінде сол қышқылдардың қоспасы түзіледі.
Кремний қышқылдарының құрамын деп жазады. x пен y мәні реакция жағдайына қарай өзгере береді, онда қышқылдардың құрамы да өзгереді,мысалы (59-кесте):
болса оларды поликремний қышқылдары дейді, жер қыртысын түзетін минералдаросы полиқышқылдардың туындылары.
Кремний қышқылдары силикаттардың қыщқылымен әрекеттесуінен басқа кремнийдің кейбір қосылыстарының (галогенид, сульфид т.б.) гидролизінен де түзіледі. Мысалы, гидролизінде әуелі ортокремний қышқылы ( ) түзіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |