Археология— тарих ғылымының ежелгі дəуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Этнография, – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды жəне ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Топонимика — ономастиканың жер- су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Антропонимика— адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы.
қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан- Б.Құлманов. Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші əсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нəтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға жəне олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты
азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: 1)Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 2)6 жəне одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды.3)Бірыңғай заттай салық белгіленді.4)Салық мөлшері азайтылып, 1924- 1925жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі лынды. 5)1924 жылғы 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. 6)Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. \ Салықтан жиналган каражаттар мына ;салаларға бөлінді: 1)Қорғаныс ісіне. 2)Халық ағарту ісіне. 3)Ауыл шаруашылығына. 4)Ірі өнеркəсіпке. \ Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға əкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.
\ Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: 1)Егіс көлемі өсті. 2)Мал шаруашылығы ға көбейді. 3)Шаруа қожалыктары 1924 жылы – 737мың, 1928 жылы-1 млн.333 мыңға жетті. 4)Астық өндіру артты. 5)103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы ( Оңтүстік Қазакстан) құрылды. \ Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: 1)Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2)1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. 3)Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркəсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды
Жалайыр тайпаларыныңөмір сүрген жерлері: Селенгі, Хилок өзендірінің бойы жəне Орхон өзенінің жоғарғы ағысы. Қарақорым таулы қыраттары.
Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғайордасымен, Орыс мемлекетімен бейбіт қарым- қатынас жасауды өзінің басты міндетісанады. Моғол хандығымен Жетісу-
Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес XVI ғасырдың 50-
60 жылдарында болды.Бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ-
қырғыз одағынан пайдаланды. Бұл соғыста қазақтар үшін сəтсіз аяқталды. Қазақтармен моғолдар арасында шайқас тар мұнымен бітпенді. Абдар-Рашид мұрагерлерітұсында да соғыс қимылдары саябырламады. XVI ғасырдың 60- 70 жылдарындаХақназар хан моғол ханына қарсы соғыстардағы сəтсіздік жəне екінші жағынанжоңғарлардың шапқ ыншылық жорықтары салдарынан Хақназар хан Жетісудыңбіршама жерін уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 жылдардың аяғындаЖетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі оның билігінде болды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген əскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау əскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден,басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау əскерінің соғыс жүргізу тəжірибесі мол болды. Екіншіден,тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес əскерлері əзір емес еді. Үшіншіден,Кеңес əскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дəрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде əскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бəрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сəтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нəтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дəлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда -15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едəуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда – 20%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жəне басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты əсер еткендігін аңғаруға болады. 1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жəрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жəне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Əуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген.
Андронов мəдениеті— қола дəуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы ширегінен бастап, б.з.б. 1- мыңжылдықтың басында Батыс, Оңт. Қазақстан, Сібір мен Орт. Азияны мекендеген тайпалар мəдениеті.
Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж.Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясыныңмаңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мəдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тарағанАндроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып
қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бəрінен табылған ортақ олжалар: дəнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Есет батыр Көтібарұлы(1807–1888) — халықтың əйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен жəне кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-əрекеттермен сипатталды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды. Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774–1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 1845 жылдың көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың əскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың əскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады.
Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нəтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мəселесі алдыңғы орынға шықты. Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мəселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11
сəуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мəселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас жəне тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сəуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге əзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары
тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сəйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нəтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930 жылы шілдеде
РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).
Шыңғыс хан Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергені белгілі. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысыболып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Емілқаласыболған.
1227 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі күшімен тітіренткен Шыңғыс хан дүниеден өтеді. Жошыдан кейінгі мұрагері Шағатай болғанымен, оның барынша қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің жұмсақтығымен, парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы Үгедейді бүкіл империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 1229 жылы Ұлы құрылтайда Үгедей əкесінің өсиеті бойынша Ұлы хан болып жарияланады. Кейін ол өз ұлысының билігін баласы Күйікке табыс етеді.
Күйік өлген соң Үгедей ұлысы бөлшектеніп кетеді. Үгедейдің немересі Хайдуды Мөңке Ұлы қаған болған кезінде Қарақорымнан Тарбағатайға жер аударады. Хайду мұнда Шағатай ұлысының ханы Барақпен
одақтасып, 1269 жылы Таласта құрылтай өткізеді. Құрылтайда Еміл, Жетісу бойы, Сырдария, Ферғана өлкесі Хайдудың билігіне өтеді. Осылай Үгедей ұлысы қайтадан жанданып, Хайду мемлекеті болып құрылады.
Хайду 1271 жылы Таразда Үгедей ұлысының ханы болып сайланады. Хайдудан соң 1302 жылы əкесінің орнына тұңғышы Жапар билікке келеді. Осы кезден бастап Шағатай, Үгедей əулеттері арасында тақ таласы қайта басталады. Жапар əуелі Шағатай ұрпағы Дуваның (Туваның) билігін мойындайды. Көп ұзамай 1310 жылы Үгедей ұлысы жойылып, Шағатай ұлысына біріктіріледі.
Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сəуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мəдениеттің тұңғыш өкілдерінің
бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды əкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық əскери оқу орны болғанымен, көптеген пəндер əскери сабақтарға қоса орыс, батыс əдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді жəне прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркəсіпті дамытуғаарналды. Пленумда қойылған міндеттер:
Өнеркəсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
Өнеркəсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
Кəсіпорындар дербестігін арттыру.
Шаруашылық есепті дамыту.
Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркəсіпті басқару жүйесін өзгерту жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады.
Қабылданған шешімдерге сəйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі жəне экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркəсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз жəне ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кəсіп орыңдары біріктірілді. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы жəне өндіргіш күштерді орналастырудағы əміршіл-əкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының
нəтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мəдениет, салт-дəстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мəселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі əлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.