Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген əсер- меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дəл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат жəне шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тəрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.[2].
Съездің Бейбітшілік жəне Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
3 Жағымсыз жақтары: Уақытша үкіметке бұрынғы империядан қалған мəселелер мұра болып қалды. Елде ұлттық, əлеуметтік, экономикалық діни мəселелер шешімін таппады. Елде ашаршылық қаупі төнді. Сырдария мен Жетісу облыстарын ашаршылық жайлады.
Уақытша үкіметке қарсы қозғалыс күшейіп, барған сайын Кеңестердің ықпалы күшейді.
Жағымды жақтары: Уақытша үкімет жəне жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттарының кеңесі құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша өкіметтің органдары жұмыс істеді.Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтарын» Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Тыл жұмысында болған жұмысшылар орыс жұмысшыларымен, солдаттарымен қарым-қатынаста болып, саяси сауаттылығы өсті. 1917 жылы бұрынғы «реквизицияланған жұмысшылар» өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрды.
Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы» Сергиопольде- «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» Петропавлда –
«Жас арбакештер одағы» құрылды.
.
Кеңес одағында 1985-1991 жылдар "қайта құру" кезеңі болып тарихқа енді жəне оның белгілері төмендегідей: Əлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату жəне жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;
Қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейін Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
Елде жариялылықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір- тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.
1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген əсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дəл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат жəне шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тəрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.[2].
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
Қасым ханның сыртқы саясаты, Қасым ханның Қазақ хандығын билеп тұрған кезінде Моғолстанмен қарым-
қатынас, достық-одақтық негізде қалыптасты, 16 ғ басында қазақ ханы Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды, Қасым ханның билігі қырғыздарға жүрген жоқ, Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге
ұмтылды, Сөйтіп Қазақ хандығының Сырдария бойындағы шұрайлы жерлер мен қалаларға билік жүргізуіне бөгет жасады, Шайбани хан 1503, 1505, 1506 жылдары, қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады, 1510 жылы Шайбани хан Қасымға қарсы тағы бір шапқыншылық жасады, бірақ Шайбани жеңіліс тапты, 1510 жылдың қысында Шайбани хан Мерв түбінде бірінші Исмаилмен шайқаста қаза тапты, Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс болған
Тың игеру, тың жəне тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нəтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тəжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тəжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. . Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау жəне малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нəтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нəтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. ың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нəтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық жəне рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:
Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды
Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды. Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды.
Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.
Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).
Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты.
Құрылтай- (мəслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады.
«Алаш» партиясы
«Үш жүз» партиясы Басшылары
Жетекшісі: Əлихан Бөкейханов
Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ə.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар.
Жетекшісі: Көлбай Тоғысов Саяси қызметі
Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру. Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.
Қазақ революциясына көзқарасы Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.
«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды.
Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жəне Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд жəне Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор жəне Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай жəне Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, əскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс жəне кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту əскери- –губернатор құзырында болды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 жəне 1891 жылдардағы Түркістан жəне Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан жəне Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - əлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар жəне жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі əскери губернатордың рұқсатымен шақырылды жəне өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тəжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тəжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық əдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола
– Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын
айқындала түсті. 70 жылдардың басындабұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарындасөзбеністің
бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық жəне дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнəрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, əсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
Шaйбани əулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. улеттің негізін
салушы Əбілхайыр ханның немересі, шаї Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін болған соғыста қазақ жəне ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500
жылы Мауераннахр мен Хорасанды басып алып, өз билігін орнатты. Бірақ 1510
жылы Иран шаїы Сефеви əулетінен шыққан Исмаил Қ оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері Кучкуни хан (1510 — 30) өліп, оның ұлы Абусаидтың (1530 — 33) билігінен кейін мемлекет басына
немересі Убайдулла хан (1533 — 39) келді. Шaйбани əулетінің билеушілері өздерін Темір əулетінің мұрагерлері деп есептеді. Əулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан ҚҚ болды. Оның қаза табуы жəне баласы Абдал
Муминнің өлтірілуімен Шайбани əулеті биліктен кетті. Оның соңғы өкілі Пір Мұхаммед ҚҚ-нің өзі де билік үшін қырқысу соғысында қаза тапты. 1599 жылы билікке Аштархан əулеті келді. Бұл Жошының Орда деген баласынан тарайтын жəне шешесі жағынан Шайбани əулетімен байланысатын жаңа өзбек əулеті еді
Бұл кезеңнің рухани мəдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, монғол жəне ислам мəдениеті дəстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазбаша (қолжазба-кітаби) əдебиет жəне музыкалық-поэтикалық өнер трінде болып, дамып отырған.
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мəдениетінің негізгі бөлігі болды. Оның ежелден келе жатқан жəне тамыры терең дəстүрлері бар. Рулық құрылыс пен Түрік қағанаты дəуірінде пайда болған көптеген фольклорлық сюжеттер феодалдық қоғам жағдайларының өзінде-ақ одан əрі жетілдіріле береді. Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз-əңгімелер кең таралды, олардың бір бөлігі жаңартылып, өзгертіліп отырды, ал басқа бір бөлігі басқа жанрлардың құрамына кірді, не бəз- баяғы күйінде жасай берді. Ертедегі туындылармен қатар, сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған оқиғалар туралы, оларға белсене қатысып, жалпы алғанда Шыңғыс ұрпақтары, жекелеп алғанда Жошы ұрпақтары мемлекетінің одан əрі өмір сүруінде тағдырлы рөл атқарған жеке адамдар туралы эпикалық жаңа туындылар жасалды.
Мифтерде алғашқы адамдар мен жануарлардың жарық дүниеге қалай келгені, таулардың, көлдердің, өзендердің жəне басқа да Жер объектілерінің қалай пайда болғаны туралы да баяндалды, хайуандардың түрі, мінез-құлқы неліктен сондай екені түсіндірілді. Рулар мен тайпалардың мифтік тарихы да баяндалып, олардың генеалогиясын жануарлармен, тотемдік бабалармен байланыстарға апарып тірейді. Бұл мифтердің бəрі өзінше бір “танымдық- ақпараттық” міндет атқарады жəне дүниенің құрылысын, табиғат құбылыстарын, адамның іс-əрекеттері мен хайуандардың қылықтарын аңғалдықпен, кейде теріс түсіндірді. Сонымен бірге монотеистік ислам діні ықпалының артуына байланысты ертедегі мифология ыдырай берді. Ислам діні жағдайында бұрынға нанымдар күпірлік деп жарияланып, қуғынға салынды, соның салдарынан көптеген көне мифтер жүйеге түсіріліп жəне фольклорлық циклге енгізіліп үлгірмеді. Олар бұзылып, басқа жанрларға айнала бастады, бұл орайда өзінің танымдық міндетін толық жоғалтқан жоқ. Бұл мифтер көркемдік міндеті басым сындарлы жүйе құрған жоқ, мұның өзі ертедегі құл иеленушілік мемлекеттердің мифологиясына тəн болатын.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Əбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Əбілқайыр ханның мақсаттары:Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.Петер- бург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.Қазақ жері арқылы өтетін керу- ен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Кіші жүз ақсүйектері мен Əбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмəші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.
1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Əбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері ара- сында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дəн дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дəнүккіштер тас кетпендер табылуы дəлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Əскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер- суға тараған.