Кристаллография ғылымы



бет3/3
Дата31.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#78016
1   2   3
Байланысты:
1 лекция

Изоморфизмнің түрлері. Изоморфизм құбылысы былайша жүйеленеді:
1. Валентіліктердің ауысу деңгейіне қарай: а) изовалентік изоморфизм – ауысуға түсетін элементтердің валентілігі бірдей, мысалы, вольфрамит, онда Mn+2, Fe+2 аысады; б) гетероваленттік изоморфизм – кристалдық құрылымдарда қарапайым ауысумен қатар күрделі кешенді ауысу өтуі мүмкін, классикалық мысал боп далашпаттар тобынын минералдары плагиоклаздар саналады, олар минералдардың үздіксіз қатары болады, онда Са2+ және А13+ жұпы Na+ және Si4+(CaAl↔NaSi) жұпына ауысады. Бұл қатардың шеткі мүшелері анортит Ca[Al2Si2O8] және альбит Na[AlSi3O8]. Құрамы өзгергенде плагиоклаздардың қасиеттері де өзгереді, мысалы, тығыздық, оптикалық қасиеттер және т.б. Изоморфизм нәтижесінде пайда болған ауыспалы химиялық құрамды қоспалар қатты ерітінділер деп аталады.
2. Изоморфтық қоспалардың құрылымдық жағдайына қарай: а) орын ауыстырудағы қатты ерітінділер; б) азайтудағы қатты ерітінділер (бос орындардың болуымен сипатталады); в) ендіру қатты ертінділер (аралық изоморфизм пайда болу нәтижесінде өтеді).
3. Изоморфизм құбылысының толық өтуіне байланысты: а) жетілген немесе шектелген изоморфизм – ауысуға мүмкіндігі белгілі бір шектен аспайтындығы (мысалы, корундта хромның алюминиймен ауысу мөлшері 1,5 - 2 % - бен шектеледі); б) жетілмеген изоморфизм – ауысуға түсетін атомдардың бір-бірімен толық ауысуы (мысалы, магнезит-сидерит қатары); в) бағытталған полярлық изоморфизм (мысалы, алтынға кіретін мыстың мөлшері 20 % - ға дейін, ал алтынның мыстағы изоморфтық қосындысының мөлшері 2 – 3 % - дан аспайды). Изоморфтық ауысулар жоғары температуралық жағдайда жеңіл өтеді. Егер көлемдік және оған байланысты қысым жоғары болса, заттардың изоморфтық ауысуы шектеледі, егер төмен болса, ұлғаяды.
Изоморфизм құбылысына әсер ететін басты факторлар минерал пайда болатын процестер ортасының химизмі, температурасы және қысымы.

«Полиморфизм» грек тілінен аударғанда «көп пішінді» деген ұғым береді. Бұл құбылыс бойынша химиялық құрамы бірдей заттар әртүрлі кристалдық құрылымға ие. Полиморфизм құбылысына әртүрлі элементтер және күрделі қосылыстар ұшырауы мүмкін. Химиялық құрамы бірдей, бірақ кристалдық құрылысы мен сингониясы бір-бірінен өзгеше келетін минералдардың тобын полиморфтық модификациялар деп атайды. Мысалы, кубтық сингонияда кристалданатын алмас, гексагондық сингониядағы – графит, олардың формуласы – С, физикалық қасиеттері әртүрлі. Полиморфизм модификациялары: кальцит (тригондық) – арагонит (ромбылық), формулалары CaCO3; пирит (кубтық) – марказит (ромбылық), формулалары – FeS2; кварцта 7 полиморфтық модификациялары бар.


Полиморфизм 2 түрге бөлінеді. Бірінші түрі – энантиотропия. Полиморфтық модификациялардың белгілі бір температура мен қысымда бір түрден екінші түріне ауысуы. Мысалы, кварцтың тридимитке, алмастың графитке ауысуы. Екінші түрі – монотропия. Бір полиморфтық модификация екінші түрге ауысуы, екінші түрден бірінші түрге қайта ауысу мүмкін емес. Мысалы, марказиттің пиритке ауысуы, пириттен марказитке ауысу мүмкін емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет