Критериалды бағалау технологиясы


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны



бет7/75
Дата22.12.2023
өлшемі1,35 Mb.
#142696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Байланысты:
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны


Критериалды бағалау жүйесі





Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нəтижелерімен анықталады




Бағалау стандарттары
Бағалау құрылымы

  • ҚР МЖМБС: Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар (күтілетін нəтижелер Б.Блум таксономиясында негізделген)

  • Пəн бойынша оқу бағдарламалары: Пəн бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар , бөлімшелер


  • Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау

  • Сөйлеу əрекеттерінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

  • Бағалау критерийлері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі

  • Түрлі деңгейдегі тапсырмалар




Бағалау үдерісі

    • Қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау - критерийге негізделген


Нəтиже


    • "Кері байланыс " Күнделікті тəжірибе

    • "Баллдар" Əр бөлім жəне тоқсан бойынша

    • "Ойлау дағдыларының деңгейлері " Əр бөлім жəне тоқсанды аяқтау бойынша

    • "Баға" Оқу жылын аяқтау бойынша

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мынадай заңнамалық жəне əдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі:

      • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңы;

      • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

      • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сəуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығы;

  • Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

  • Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сəуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пəндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

  • Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 463 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пəндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

  • «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəнге ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығы;

  • «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» əдістемелік нұсқау хат;

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Өңірлік жəне мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізудің ережесі;

  • Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар;

  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың оқу пəндері бойынша жинақтары;

  • Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалардың оқу пəндері бойынша жинақтары.[3,4,5]





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет