Критериалды бағалау технологиясы


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау жəне ұйымдастыру



бет12/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау жəне ұйымдастыру


Қалыптастырушы бағалау əр сабақта жəне күнде жүргізіліп тұрады. Бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек жəне қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін қолданатын мəліметтерді əзірлеу жəне түсіндіру үдерісі болып табылады. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударады. Мұнда оқушылар сыныптастарын жəне өздерін бағалауға тартуы мүмкін жəне белсенді түрде бағалауға қатысуы керек.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады. Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері: оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

  • білім алушының қай деңгейге жеткенін дəлелдеуге көмектесетін бірлескен оқытуға арналған орта құру;

  • білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;

  • білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

  • білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды.

Оқу бағдарламасындағы бөлімнің əрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нəтижелері қалыптастырушы бағалаудың тəжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни əр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тəжірибесі арқылы анықтай алады, оның нəтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.
Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

    • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;

    • қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;

    • қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;

    • кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сəйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:

    • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

    • оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тəсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

    • бағалау критерийлеріне сəйкес тапсырмалар құрастыру;

    • əр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мəнмəтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Əр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дəл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы кері байланыс беруге жағдай жасайды.[3,9].












Осы типтес барлық тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалаутапсырмалары, оқу мақсаттары, критерийлері, дескрипторы дайын берілген. Дайын материалды мəн-мағынасына жеткізіп қолдана білу мұғалімнің міндеті. Бұл үшін қалыптастырушы бағалау алар алдында критериймен таныстыру немесе өздеріне құрғызу қажет. Содан кейін тапсырма беріледі. Дескриптормен таныстырылады яғни бала сол тапсырма бойынша қандай жұмыстар атқаратынын білу керек. Тағы бір ескертілетін жағдай тапсырма белгілі уақытқа беріліп, тапсырма орындау уақытын қатаң сақтау қажет. Кейде мұғалімдер оқушылар толығырақ орындасын, ойлансын деп уақытты көп береді де соңында талдауға, өзін -өзі бағалауға, кері байланыс беруге уақыт жетпей жатады. Бұл үлкен кемшілік. Тапсырма ұсынылу барысында оқушылармен келісілген немесе мұғалімнің бекіткен уақытынан ауытқымау қажет. Оқушының белгілі уақытта жұмысты аяқтау керектігін түсінудің де маңызы зор. Бұл жерде жоғарыда айтылғандай тапсырманы орындаудан да маңыздысы өзінің немесе бірлескен жұмыстарының жетістігі мен кемшілігінің себеп салдарына талдау жасай білуі, түзетулер енгізуі, бұл мақсатқа қай дəрежеде меңгергеніне рефлексия жасау болып табылады.
Кейбір ҚБ тапсырмасының ерекшелігіне қарай нұсқаулық та қоса көрсетіледі. Тапсырма орындау барысында нұсқаулыққа сүйеніп орындау əдетін де қалыптастыру керек. Мұндай жұптық жұмысты оқытып, тыңдау арқылы тексертіп бір жұп бір жұпты «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалатуға болады». Қорытындыда «Біздегі кеткен кемшілік мынау екен» деген ойлану уақытын ұйымдастырып, жұбында біріне- бірі түсіндіруге бірер минут берген тиімді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет