Критериалды бағалау технологиясы



бет15/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75

Осы мақсатқа №2 тапсырма


Ойын ойнаймыз. Мектеп буфетінен тағам сатып жейміз.
Төрт оқушы ( ІV топ) буфет сатушылары болады. Қалған оқушылар ( І,ІІ,ІІІ топ) тұтынушылар болады. Тұтынушылар буфеттен керекті тағамдарын сатып алады. Сатып алған тағамдарына қанша монеталар жұмсағандарын жəне арзан, қымбат екенін айтып береді. Сатушылар, жоғары деңгейдегі оқушылар, жылдам есептейді арзан- қымбатын ажыратады, əркімнің артық ақшасын қайтарып береді.
Бұл ҚБ ның қорытындысы мына сұрақтармен анықталады.

  • Сатушылар сұраған тағамдарды бере алды ма?

  • Артық ақшаларыңды дұрыс қайтарып бере алды ма?

  • Тұтынушылар, сендер қанша ақша жұмсадыңдар? Не сатып алдың?

    • Қанша ақша қайтарып алдың?

Мысал №7.


  • Блум таксономиясы бойынша құрылған «Түймедағы сұрақтары» стратегиясын қолданып сұрақтарды оқушылардың өздері құруына болады. Бұл жерде көбінесе күрделілігіне қарай топпен жəне деңгейіне қарай бөлінген топтармен орындаған тиімді. Мысалы: Нақты, анықтаушы сұрақтарды құру төменгі деңгейлі оқушыларға берілсе, шығармашылық, тəжірибелік сұрақтар орта деңгейдегі оқушылар тобына, интерпретациялық, бағалау сұрақтары жоғары деңгейлі топтарға ұсынылады.

Төмендегі үлгі Əдебиеттік оқу пəнінен 4 -сыныптарға арналған

Атымтай Жомарт Нақты сұрақтар:


      1. Атымтай Жомарт мəтіні қайдан алынған?

      2. Бұл мəтінде есепсіз бай кім?

      3. Атымтай Жомарт өлеңінің авторы кім?

      4. Жомарт халыққа неше түрлі себеп айтты?

      5. Астындағы пырағын түсіп берген кім?

      6. Сараңдықты айып көрген кім?

      7. Жалғыз қойын қонаққа сойып беген кім?

      8. Жомарттың артында мал қалмады?

      9. Жомарттың артында қандай ат қалды?

Анықтаушы (нақтылау) сұрақтары :


  1. Менің түсінігімше Атымтай Жомарт бай болған, ал Сіз оның байлығы туралы қандай пікір айта аласыз?

  2. Жомарт жұмыс істегенді ұнатады, сонда қандай жұмыстар істеген?

  3. Көршілері таңқалыстарын Жомартқа қалай жеткізе білді?

  4. Жомарт өзінің айтқан 4 түрлі себебін атап берді. Менің түсінігмше соның біріншісінде үлкен қорқыныш бар сияқты , ол қандай қорқыныш деп ойлайсыз?

  5. Екінші себебінде кейінгілер əбірет (үлгі) алсын деді. Ол қандай үлгі екенін түсіндіріп бере аласыз ба?

  6. Жұмыс істесем тамағым бойыма жақсы сіңеді деп рахаттанатынын түсіндім. Не үшін тамағы бойына жақсы сіңетінін түсіндіріп бере аласыз ба?

  7. Жұмыс істемесем құдайға бекер күнəлі болармын деген қорқынышын қалай түсіндіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет