Критериалды бағалау технологиясы



бет67/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75

ҚОСЫМШАЛАР





  1. қосымша

Б. Блум таксономиясына сəйкес бағалау критерийлерін бөлу


Мақсатқа жету кезеңдерін анықтау мақсатында, ойлау дағдылары деңгейлері бойынша бөлінетін, Б.Блумның білім беру мақсаттары таксономиясына сəйкес бағалау критерийлері жасалынады.
Блум таксономисы – 1956 жылы американдық психолог Бенжамин Блуммен ұсынылған, ойлау дағдыларының алты деңгейін бағамдайтын когнитивті саладағы білім беру мақсаттарының педагогикалық классификациясы.
Анықталған дағдыларды тура бағалау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топқа бөліп қарастырылған:

  • білім жəне түсінік:

  • қолдану;

  • жоғары тəртіп дағдысы (анализ, синтез, бағалау).

Бағаланатын дағдылардың сипаттамасы





Ойлау дағдыларының топтары

Сипаттамасы

Етістіктер

Білім жəне түсінік

Нақты деректерді, ақпарат пен суреттеуді, есте сақтау немесе жаңғырту қабілеттіліктерін бағалау, ақпаратты болжамдау немесе түсіндіру, дұрыс жаңғырту арқылы меңгерілген материалды түсіну жəне жеткізу.

Санайды, есте сақтайды, атайды, талқылайды, анықтайды, айтады, жазып алады, қайталайды, көрсетеді, хабарлайды.

Қолданылуы

Нақты жəне жаңа

Қолданады, есептейді, өзгертеді,




жағдайлардағы проблеманы

таңдайды, жіктейді, аяқтайды,




шешу барысында

көрсетеді, табады, сахналайды,




меңгерілген материалдарды

жұмылдырады, зерттейді, зерттеу




қолдану қабілеттіліктерін

жүргізеді, безендіреді, жеткізеді,




бағалау. Практикалық

түрлендіреді (жетілдіреді), ара




жұмыс, тəжірибелер,

қатынасын белгілейді, жоспарлайды,




жобалық жұмыстар,

көрсетеді, шешеді, қолданады,




проблемаларды шешу жəне

құрастырады, пайдаланады.




жаңа немесе түрлі өнімдерді







жасау, меңгерілген







білімдерді көрсетудің жолы







болып табылады.




Анализ, синтез

Қабілетті бағалау:

Талдайды, бағалайды, топтастырады,

жəне бағалау

- ақпараттық

есептейді, категориялайды




материалдарды құрамдас

(санаттайды), жіктейді,




бөліктерге бөлу, себеп

салыстырады, байланыстырады,




немесе салдарын анықтау

қарама-қарсы қояды, сын-пікір




арқылы шешім шығару

айтады, талқылайды,




мақсатында ақпараттарды

дифференциялайды, ажыратады,




зерттеу, ойды тұжырымдау,

бөледі, зерттейді, тəжірибе жүргізеді,




жалпы ережелерді негіздеу

түсіндіреді, шығарады, ара




үшін айғақтарды табу;

қатынасын белгілейді, таңдайды,




- жаңа мəтінге (идеяларды,

бөледі, тексереді, бөліп алады.




элементтерді) қосу,




Топтастырады, жинайды, құрамдастырады, жасайды, құрады, əзірлеу, тұжырымдайды, жалпылайды, біріктіреді,
жетілдіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады, топтастырады, орнатады, біріктіреді, аргументтейді, негіздейді, келісіледі, салыстырады, жасайды.




араластыру, мысалы,




хабарлама (сөз сөйлеу,




баяндама), іс-əрекет




жоспары, сызбалар, қолда




бар мəліметтерді реттеу;




- аталған немесе өзге де




материалдардың




мағынасын бағалау




(пайымдау, көркем-өнер
туындылары, зерттеу мəліметтерін).

Дəлелдейді, таңдайды, салыстырады, қорытынды шығарады, сендіреді,
негіздейді, түсіндіреді, өлшейді,







болжамдайды, болжайды,







көркемдейді, ұсынады, бөліп







қарастырады, қосындылайды,







қолдайды, тексереді, бағалайды,







жеткізеді.

Бағалау критерийлерін жасау барысында, оқытушы ойлау дағдыларының əр деңгейін көрсететін етістіктерді пайдалана алады.


Пəн бойынша бағалау критерийлерін жасау үлгісі


«Математика», 1-сынып


Білім беру мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының тобы

Білім алушы

Жазық (үшбұрыш,
шеңбер, шаршы, тікбұрыш) кеңістіктегі (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида) фигураларды ажырата білу жəне қоршаған ортадағы заттармен оларды байланыстыру.

Жазық (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тікбұрыш) жəне кеңістіктегі (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида) фигураларды ажырата біледі жəне атайды.

Білім жəне түсінік

Жазық жəне кеңістіктегі фигураларды ажырата алады.

Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен байланыстыра алады.

Қолданылу
  1. қосымша


ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ӨЗАРА БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР:
Егер қалыптастырушы оқыту əдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы əдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс. Оқушылармен төменде берілген тармақтарды келісіп алыңыз.

Егер де біз төмендегілермен келісетін болсақ, жақсы оқитын боламыз:


    • Сіздер қандай бір идеяны алғашқы кезден толық түсінбейтін болсаңыз жəне оқыту біршама уақыт алатын болса, онда тұрған ештеңе жоқ.

    • Егер жұмыс бағаланатын болса, сіздің мақсатыңыз басқа біреудің емес, өз рекордыңыздан асып түсу болсын. Дегенмен, мүмкіндігінше, жұмысқа баға беруден аулақ болу қажет.

    • Сіз айтарлықтай батылсыз ба? Онда оқушыларыңыз үшін тиісті көңіл- күй тудыру үшін жарты сағаттық жаттығу барысында олардан өз қателерін байқаған сайын «Алақай» деп айтуды өтініңіз!

    • Ең бастысы сіздің проблеманы жəне оның шешімін, не сұрақты жəне оның жауабын түсінгеніңіз:

Сіздің мұны алғашқы реттен жасай алғаныңыз емес;
Орынсыз қатеге байланысты Сіздің мұны жасай алмауыңыз емес.

    • Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үдерісінде барлығымыз да қате жібереміз. Шын мəнісінде, бұл біздің оқуымыздың бір бөлігі. Егер біз қате жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істей алатындығымызды білдіреді.

    • Қате жіберу пайдалы, себебі бұл бізге нені жақсарту қажет екенін көрсетеді.

    • Оқу үшін түсінбегеніңді мойындаған жəне қателерді мойындаған жақсы, содан соң түсіндіруді сұрау керек.

    • Ешқашан, тіпті əзілдеп болса да, біреудің қатесіне күлуге болмайды.

    • Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз жəне шын мəнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады.

Қателіктер жасалуы мүмкін.
Оқыту үдерісінде барлығымыз да қате жібереміз. Шын мəнісінде, бұл біздің оқытудың бір бөлшегі. Егер біз қате жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істейтіндігімізді білдіреді. Біздің нені жақсартуымызды көрсететіндіктен қателер жіберу пайдалы. Оқу үшін түсінбегеніңді мойындаған жəне қателерді мойындаған жақсы, содан соң түсіндіруді сұраған жақсы. Ешқашан, тіпті əзілдеп болса да, біреудің қатесіне күлуге болмайды. Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз жəне шын мəнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады. «Тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі, «Адам қателесу арқылы үйренеді!», «Қатесіз үйрену мүмкін емес!», «Жасасын
қате!», «Қатеге кешірімді болайық!» деген қағидалар ұстанымға айналуы керек. (А Алимов «Интербелсенді əдістемені ЖОО қолдану мəселелері» оқу құралы, 2016 ж.)


  1. қосымша


ОҚУШЫНЫҢ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сұрақ қою арқылы мұғалім:


оқушыларды тақырып бойынша жəне сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
білімге құштарлықты дамытады жəне зерттеуге ынталандырады;
оқушыларға білімін қалыптастыруға жəне вербалдандыруға көмектеседі;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;
оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне, бағалауына ықпал етеді;
əңгімелесу жəне ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-əрекеттерін тереңдетеді жəне шоғырландырады;
оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Дұрыс сұрақ қоюға Б.Блум таксономиясын білу көмектеседі. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтарды өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық жəне психомоторлық жағынан оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет