Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады.Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді(мысалы, «Оқушыларды ...таныстыру», «... көрсету», «... түсіндіру». Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.
3. Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою. Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді(мысалы, «білігін қалыптастыру (дамыту)», «оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»).Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады.Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ.