Критериалды бағалау технологиясының ғылыми негіздері. Критериалды бағалауды туралы түсінік. 2 Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты


Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы



бет8/10
Дата28.04.2022
өлшемі22,18 Kb.
#32653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4.Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы.

Мақсаттардың бұндай тұжырымдамасы сабақты жоспарлау мен өткізуге анықтық, белгілілік енгізеді(мысалы, «Сабақтың мақсаты-шешу(орындау, шығару)».Бірақ мақсатты бұлайша етіп қою мұғалімге оқушы қол жеткізген нақты нәтижені анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызады.

Сонымен, педагогикалық технологияда оқу мақсаттарын қоюдың қандай тәсілдері неғұрлым тиімді болып табылады? Оқытудың мақсаты оқушының іс-әрекетінен көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады.Сонымен бірге оқытудың нәтижелері оларды дәлме-дәл анықтайтындай етіп анықталады.Нәтиженің нақтылығын түсіну екі түрлі жолмен іске асады:(1)мақсаттардың деңгейлерге бөлінген айқын жүйесін (таксономиясын) құру.Оқушы неғұрлым жоғары деңгейге қол жеткізсе, ол да, мұғалім де үлкен жетістіктерге жетеді; (2)мақсаттарды мейлінше дәлме-дәл және нақты тілмен сипаттау

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасына сай оқу мақсаты мен оның нәтижелері жоғарыда айтылған тәсілдерге негізделіп анықталады.Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша «Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер».Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:



  • Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?

  • Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

  • Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойылған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

  • оқушыға бағытталуы керек;

  • белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

  • оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.

Деңгейлік бағдарламалар курсының мұғалімдері бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары мен бір сабақтың жоспарын, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдер жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды пайдаланады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет