Критериалды бағалау



бет6/6
Дата29.12.2023
өлшемі2,58 Mb.
#144559
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
48-54 жаратылыстану

Аристотельдің еңбектері: "Категориялар", " Физика", "Метеороголика", "Метяфизика", "Жануарлар тарихы", "Жануарлар қүрам бәліктері", "Жануарлардың қозғалуы туралы"


Жаратылыстану ғылымын оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Екатерина ІІ-ші өз еліне білімді мамандар қажет болғандықтан, «5 жылдық бас училищелер» және «2 жылдық кіші училищелер» ашты. Осы оқу орындарында академик Василий Феодорович Зуев дәріс берді. 1786 жылы В.Ф.Зуев 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық «Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы» деген атпен жарық көрді. Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, автор Карл Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған. Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнекілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.





54.Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша тілдік құзыреттілікті жүзеге асыру мүмкіндігін түсіндіріңіз

Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған.


Құзыреттілік дегеніміз-жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім,білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет , қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыруда проблемалық тақырыпты анықтау мен оның мазмұнын ашу, ал ол үшін пікірталасқа түсуде топтық жұмыс маңызды орын алады. Бұл технология арқылы тілдік құзыретттілікті қалыптастырудың ерекшеліктеріне тоқталсақ , білім алушы белгілі бір тақырып аясында өз бетінше жұмыс жасайды. Өз ойын басқаға айту баяндау үшін ойын жинақтап жүйелейді. Нақты ойды жеткізу барысында тілдік құзыреттік қалыптастыру жұмысы жүргізіледі.
Тілдік құзыреттілік білім алушының тілдік дағдыларды, яғни, айтылым, тыңдалым, оқылым мен жазылым дағдыларын толыққанды игеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет