бет 3/4 Дата 14.02.2023 өлшемі 223,5 Kb. #67708
Байланысты:
Оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы Күтілетін нәтижелер Критериалды бағалау жүйесі: оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау; әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау; оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру ; оқыту сапасын жақсарту; оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу. 1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы; 2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі. 3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы. 4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы. 5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы. Тәжірибелік маңыздылығы Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді: - жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; - оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады ; - бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады. - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі. - оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: 1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға ; 3. Білім беру сапасын арттыруға; 4. Оқытудың сапасын жақсартуға; 5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып , жеке оқыту траекториясын құруға; 6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Достарыңызбен бөлісу: