Кјсіптік мектептердегі кґсіби баєдар беружїйесі


Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру



бет2/9
Дата07.06.2023
өлшемі114 Kb.
#99433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру - оқушыларды түрлі еңбек қызметтерімен, кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениетте даму бағыттарымен, ел, аймақ, экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.
Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек түрлеріне жас жеткіншектерді баулу. Түрлі жұмыстарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы, өнімді еңбекке үйрету. Оларға практикалық жұмыстар кезінде өз бетінші еркіндік беріп, шығармашылыққа баулу.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер. Мұндағы басты нәрсе - кәсіп таңдауды негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттерінің кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру:

  • Өз бетінше мамандық тандай алмаған оқушылар;

  • Мамандық таңдауда ата-аналармен келісе алмаған жастар;

  • Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер;

  • Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.

Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:

  • Ақпаратты-анықтамалы;

  • Психологиялық - педагогикалық;

  • Медициналық тұрғыдан;

Кәсіби бейімделу-өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оку кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру.
Бұл касиеттер:

  • Кәсіпке қызығушылығына;

  • Еңбек мазмүнына;

  • Жанұя әсеріне;

  • Қызмет ортасына байланысты болады.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүргізіледі.
4-6 сыныптағы жеткіншектер өмірлік және кәсіби идеялары оянып адамгершілік сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталады. 7-9 сынып оқушыларында өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін өздігінше бағалай алатын, сол жолда білім алу мен іденуді жалғастыратын кезен.
10-11 сыныптағы оқушылар нақты мамандықты таңдап, икемділігі мен дағдыны калыптастыра бастауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет