Кјсіптік мектептердегі кґсіби баєдар беружїйесі


Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі



бет6/9
Дата07.06.2023
өлшемі114 Kb.
#99433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат. Портфолио

3.Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі
Отандық педагогика ғылымында бейімделу мәселесінің жүйелі түрде зерттелуі 60 - 70 жылдары басталды. Алғашқы нәтижелері шыға бастағанымеы бұл мәселеде әлі толық қалыптасқан, жалпылама, ұғымдама, тұжырымдама әлі анықталған жоқ. Бейімделу терминін орысша «адаптатция», (яғни латын тілінде adaptacio - ыңғайлану) деген мағынаны беріп, негізінен қоғамдык ғылымда (әлеуметтік, психология, педагогика) жаратылыстан, биология ғылымдарымен әлеуметтік мәнде «адам - орта» түрінді жақындасып, үндесіп келуін білдіреді. Бейімделу ұғымы шын мәнінде жаңа нәрсеге «ыңғайлану», «өз бетінше үйрену», «өздігінен оқу ұйымдастыру» түсінігін береді. Жеке тұлғалық өзінің түрлі ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу процесі де түрлі деңгейде жүреді, әсіресе ол, адамның ойлау жүйесіне, қабылдау мүшелеріне, жеке мінез-құлық, қасиеттері, білім деңгейіне сөйкес жылдам не баяу, түрлі эмоциялық әрекеттердің аз я көп жұмсалуына байланысты, уақыт айырмасына қарай әртүрлі жүруі мүмкіи. Бейімделу процесі тек көсіп саласы емес, адамның тұрғылықты жерін я өмір сүру ортасы өзгергенде, әскер қатарына қызметке шақырылғанда, т.б. жағдайларда да жүреді. Ал жалпы педагогика мұны «Тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады» деп түсіндіреді.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарында өзінше ерекшелігі бар, әсіресе кейбір кедергілерді жоюда, олар:

  • Тек теориялық білім беру ғана емес практикалық (өндірістік) оқытудың да бар екендігі;

  • өндіріс дайьш өнім шығару мүмкіндігіне ие болатындығында;

  • белгілі бір топ мүшелерінің жатақханада орналасуы;

  • оқушы топтар мен инженер-педагог, кураторлардың оқу орны ұжымы емес, кәсіпорын, өндірістік цех ұжымдарына да бейімделуі қажет. Соңғы айтарымыз, мектеп кабырғасынан көптеген оқушылар оқу материалдарын толық игермей келеді, мамандыққа баулумен катар кейде кәсіптік мектеп ұжымдары сол оқулықтар орнын толтыруына тура келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет