Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет19/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Эмоцияналды бірліктердің тіл білімінде зерттелу тарихы. Эмоцияналды сөздердің тіл білімінде зерттелуін 20 ғасырдың басында жазылған еңбектерден кездестіреміз. Бұл еңбектерде эмоция мен экспрессияны бөлмей, бірге қарау орын алған. Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш.Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоцияналдылықпен тығыз байланысты деп санайды. Эмоцияналды бірліктердің орыс тіл білімінде зерттелуіне келсек, орыс тіл білімінде экспрессивтілік пен эмоцияналдылық мәселесі зерттеушілердің назарын көптен бері аударып келе жатқаны белгілі. Бұндағы алғашқы зерттеулердің бірі ретінде академик В.В.Виноградовтың «Русский язык (грамматическое учение о слава)» атты еңбегін атауға болады. Ғалым аталмыш сөздерді мағыналық жағынан тек грамматикалық және лексикалық мағына деп,сонымен бірге жеке тұлға мен топтық бағаның берілуі деп те бөледі. Сөздер әлеуметтік ортада қолданыс табуына байланысты олардың экспрессивті бояуы болады. Сөздің көмегімен сөйлеуші қандайда бір затқа, құбылысқа өзінің бағасын береді. Осы негізде олар жоғарыда берілген топтардан (атауыш сөздер) айқындалады. Қандайда бір жағдайда сөзбен берілген бағаны В.В.Виноградов экспрессиялық сөздер деп атайды.
Бұл мәселе 1950 жылдары жан –жақты зерттеліне бастады. Осы кезде В.В.Виноградовтың, В.А. Звегинцевтің, А.И.Ефимованың, Е.М. Галкина-Федоруктың,А.Н. Гвоздеваның, Л.Л. Кимнің, А. Д. Григорьеваның және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Тілдің экспрессивті –көркем тәсілін жан –жақты түсіндіру, тілдік бірліктерден экспрессивті –эмоцияналды бірліктерді табу және олардың өзіндік семантикалық ерекшіліктерін айқындау, «эмоцияналдылық»,»экспрессивтілік» ұғымдарына анықтама беру мәселеріне назар аудару ең алғашқы рет осы ғалымдардың еңбектерінде орын алды десе де болады [16,31].
1960 жылдары эмоцияналды, экспрессивті сөздер кең ауқымда зерттеле бастады. Эмоцияналды –бағалы реңтердің мағынасын теориялық тұрғыдан түсіндіріп, жіктеуде В.И. Безруковтың, эмоцияналдылықты, экспрессивтілікті жіне бағалылықты анықтауда, сондай –ақ сөз мағынасынан заттық –ұғым мен эмоцияналды –бағалылықтың араларының байланысын анықтауда Л.А. Киселеваның, атауыш сөздердің эмоцияналдылығы мен экспрессивтілігіне ең алғаш рет көңіл аударғандардың бірі ретінде Е.Ф. Петрищеваның еңбектерңн атауға болады.
1970-1980 жылдары тілдегі экпрессивтілік пен эмоцияналдылықты зерттеу кең өріс ала түсті.
Эмоцияналды бірліктерді топтастырудың белгілері. Тілдегі эмоцияналдылық мәселесімен айналысушы лингвистердің алдында бір –бірімен байланысты екі мәселе тұрады. Оның біріншісі, жалпы лексикалық қордан эмоцияналды мән туғызатын сөздерді бөліп алу да, екіншісі, оларды семантикалық топтарға топтау. Осы мәселеге арнайы қалам тартқан тәлші –ғалымдар семантикалық анализдеудің лингвистиканың екі жолы бар деп көрсетеді.
А) парагдималық мағынаны талдау және сол сөздердің өандай синтагмалық мағынаға ие бола алатынын байқауға мүмкіндік алу;
Ә) сөздің синтагмалық мағынасын контексті талдау арқылы және осы сөздің семантикалық құрылымды құраушы мағынасын анықтап алу, яғни оның парадигмалық мағынасын анықтау.
Орыс ғалымы Т.А.Трипольская эмотивті –экспрессивті лексиканы анализдеудің 5 түрлі әдіс –тәсілдерін көрсетеді. Олар мынадай:
А) Индентификация әдісі;
Ә) дефинициялы талдау; (дефиниционный анализ)
Б) контексті талдау;
В) компоненті талдау;
Г) психолингвистикалық талдау.
Т.А. Трипольскаяның көрсетуі бойынша тілдегі эмоцияналдылықтың (эмоцияналды сөздердің) семантикалық ерекшеліктерін анықтау екі аспектіде жүзеге асуы тиіс, біріншіс, денотативті («заттық») мағынада, екіншісі, коннотативті мағына. И.А. Арнольд денотат пен коннотат мағына туралы былай дейді: информацияның бірінші бөлігі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттық мағына сыртқы өмірмен байланысты. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлеушілермен және олардың жағдайларымен байланысты болып, коннотатцияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компонентері енеді. Тілде эмоцияналды сөздер эмоцияналды емес сөздерден коннотативті мағына арқылы айқындалады, сол себептен оларды анықтау семантикалық құрылымынан коннотативті компонентерді айырып алу болып табылады.
Коннотаттық мағына бөлігін көбіне эмоциялы, эмотивті, коннотативті прагматикалық деп те атап жүр [17,32].
Эмоцияналдылық семантикасындағы коннотатив компонентері мен детонатив компонентердің өзара нақты байланысын ескере отырып, мынадай эмоцияналды (эмотивті –экспрессивті) топтарды көрсетеміз:

  1. Эмотив –бағалы мағыналы сөздер

  2. Эмотив –экспрессивті -бағалы мағыналы сөздер

  3. Экспрессив –бағалы мағыналы сөздер

Қазақ тілінде эмоцияналды сөздер қимылды, қимылдың сынын, заттың атауын, сынын білдіретін және адамның көңіл күйіне байланысты шыққан сөздер деп, лексика –семантикалық топқа бөлініп,одан ары іштей бірнеше семаларға жіктелінеді.
Қимылды білдіретін эмоцияналды сөздердің лексикалық –семантикалық топтар. Бұл топтағы сөздер кеңістікте қолдануды білдіреді. Оларға жүру, сүйреу, кіру, шығу семалары жатады. «Жүру» семасы: апыраңда, бүкшеңде, еңкеңде, зымыра, кердеңде, одыраңда т.б. «Сүйреу» семасы: дедектет, дырылдат т.б.
Қалыпты білдіретін эмоциялды сөздер тобы: алшай, аңтарыл, қоқи, мелши, шалжи, т.б.
Қимыл –қалпын білдіретін эмоцияналды сөздердің лексикалық –семантикалық топтары. Оларды жалпы адамға, жан –жануарларға қатысты деп жалпылап және олардың кейбір дене мүшесінің қимыл –қалпын білдіретіндігіне байланысты жалқылып , іштей шағын екі топқа жіктеп қараймыз. Адамға қатысты. Бұраңда, бүгжи, дүрби, мелши т.б. жануарларға қатысты: ерби, тыраңдас т.б. адамның кейбір дене мүшесінің қимыл –қалпын білдіретін етістіктері: бұлтың қалтаң [18,33].



  1. Әй, шық бері, кім де болсан!

  2. – Әй кім де болсан, бері шық! Шық, малғұн! – деп ақырып жіберді ол есікті қамшысымен бір тартып.

  3. Апырмай, бұрын асығыс жүргенді жаратпаушы еді.

  4. Ал, жарқыным, жөніңді айтшы!

  5. Алда, мүсәпірім – ай, солай де.

  6. Әп – бәсе, айттым ғой, түйсігін бар адамсың деп.

  7. Неғылған ерлік! Онан да есерлік десейші.

  8. – иә, сөйт, шырағым.

  9. Ойбай, Құлан аға, аналар болатын емес.

  10. Ей, саржағал ит! – деп есіктен ақыра кірді Серкеш.

  11. Шырағым, сен оларды қой, әуелі әлгі малдың жәйін айтшы.

  12. Ағатай! Шыбын жанымды қия гөр.

  13. – Тұр! Ой ит, о несі! – деп жиренгендейүн қатты мерген.

  14. Ой, қарашықтарым, неден қорықтындар? – деді қитар, шала мас адамның елбірей қалатын күлкісімен езу тартып.

  15. Ой, күшіктер – ай! Күшік – ақ екенсіңдер – ау.

  16. – Әңгіме? Қандай әңгіме? Ой, хақ тағала – ай, мен тіпті мылжыңдап, есімнен шығып кетіпті – ау.

  17. - Қап, бармағымызды тістеп қалдық - ау», - деп ойлады ол.



  18. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет