Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты шығармасынан терілген фразеологизмдер Р.Авакованың «Фразеология теориясы» атты еңбегіндегі классификациясы бойынша топтастырылды.
Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
1.Бәтшағар, сені шошаңдатпай, тап осы жерде аяғыңды көктен келтірейін бе? Күлі көкке ұшты, тас-талқаны шықты, бәлеге ұшырады, жаза тартты.
Пікір: Сазайын беру, өкіндірейін деген мағынада қолданылған.
2. Зәреңді бір алайын! Үрейін ұшыру, қорқыту
Пікір: Қорқыту, үркіту, зәресін алу деген мағынада қолданылып тұр.
3.Құлан есікті мықтап жапты да енді айналасына көз жүгіртті. Шолып қарады; шола іздеді; ой жіберді;
Пікір:қарап шықты, көзімен тез көріп шықты деген мағынада қолданылып тұр.
4. Содан соң ашу ,үстінде таяқ жеп қалармын деп сөзін жұта қойды. Сөзін кілт тоқтатып,артын айтпай қойды.
Пікір:тоқтап, кідіру деген мағынада қолданылған.
5. Алдыңғы аяғын бүгіп алған, кірісіне қызыл жүн қойдырған жебе дерлік, атылып барып анадай жерге топ ете түсті, көзді ашып-жұмғанша тағы көкке ырғыды. Лездің арасында, қас пен көздің арасында әп-сәтте.
Пікір: Тез арада, лезде, деген мағынада қолданылған.
6. Сол кісілер де нағыз жүрек жұтқан ер болған-ау. Еш нәрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат.
7.Жарықтықтардың, жер хабар бермесін, жүрегінің түгі бар ғой. Ер, батыр, батыл кісі, еш нәрседен тайматын, қаймықпай, бетіне айтатын адам.
8.Екеуі де түні бойы кәдір түнін күзеткен діндарларша көз ілген жоқ. Ұйқтамады.
9.Көкке ауызы тиді, енді оңалып кетеді ғой деген үміт қана көңілге медеу. Көңілге медеу: Іштей сүйемел ету, арқа сүйер ету мағынасында айтылған.
Көкке ауызы тиді: Жерге шөп шығып, тойынар шақ келді. [25,42]
21. Немере інісіне іштей ренжісе де ет жақын бауырымен жүз жыртысуға, әрі өзінен мүшел жас кіші адамға: «әй, сен бәлен етіпсін!» деуге дәті бармады, оны бойына ар көрді.Ұрысты, араздасты, ренжісті.
10. Ондай хабарлар бұл үйлерге ұзынқұлақтан жететін. Алыпқашпа әңгіме; әркімнің айтқан лақап сөздері.
11.Серкештің айызы қана көп айтатын хабары-ел арасындағы ұрыс-жанжал болып келетін. Көңілі жай тапты, құмары тарқады; құлақ құршы қанды, рақаттанды.
12. Мені басынайын, аяқ асты етейін деген-ау,-деп ойлады ол,- батыр, мерген атағы бар Құланның ауылына келіп жанжал шығарған не сұмдық. 1)Қалай боса солай, берекесіз шашылып жатқан, керексіз болған нәрсе туралы айтылады.2) Менсінбеу, қорлау мағынасында айтылған.
|