Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
1.Сіз естідіңіз бе, естімедіңіз бе білмеймін, бір жолы сол кісі жорықтан талып-шаршап келе жатып, бір бұлақтың басына ат шалдырыпты дейді. Атын азын-аулақ отқа қойды.( Аттың белін жазғызып, шөпке жайып алғанда айтылады) [25,43]
Пікір:Кідіріп, тоқтап, дем алу үшін тоқтап алу.
2.Қайдан білейін енді бәрі орнына келді, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заманды орнаттым деп бөсіп жүрдім-ау. Тыныштық, бейбіт заман орнады.
Пікір: Бейбітшілік мағынасында.
3.Мен де енді ақ үй тігіп, байларша бір шалқиын деген ой көкейіме құрт боп түсті. Мазасын қашыру, маза бермеу.
4.. Көрейін олардың әуселесін. Тал түсте ауылыма ат ойнатып, Құланның төбесіне шықпақ екен ғой. Астамшылық етті, басынды; атқа мініп, қаумалап, қамап тұрды.
1.Далаға келген бір шешекте әке-шешесін жалман алған жетім бала бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүр екен. Бар үй бейнетін, тұз бейнетін арқалады; барлық ауыр салмақты көтерді;
Пікір:пысық, өз ісін тындырып жасайтын .
2. Ағаңның барар жер, басар тауы таусылған сияқты. Қылар үміт, артар түк айла-амалы жоқ.
Пікір:үміті үзілу, қомқоршысы жоқ.
3.Там төбесіндегі тесіктен көрінген от орнындай аспан көлеміне қарап жатып, Құлан сол бір ұмыт болған елесті есінде қайта жаңғыртып еді. Бұл жердегі мағына: аумақты,көлемді.
1.Көздегені мүлт кетпейтін еді ғой, топырағы торқа болғырдың. Діни. Жатқан жері жақсы болсын деген мағынада дүние салған адамға айтылады.
Пікір:қайтыс болған кісінің артынан жоқтау айту.
2.Қой, кеселім тиіп, обалына қалармын. Жазықсыз жапа шектірді, қиянатын өз басыңа көз қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |