Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет5/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Жұмыстың құрылымы- жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. А. НҰРМАНОВТЫҢ «ҚҰЛАННЫҢ АЖАЛЫ» ШЫҒАРМАСЫ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1.«Құланның ажалы» шығармасы тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданысы.

XX ғасырдың бас кезінде «антоним» деген термин жеке сөз ретінде кеңінен қолданыс таппаған. Тіпті кейбір сөздіктердің өзінде де кездеспеген. Антонимдер түралы дәйекті мақалалар мен пікірлер 20 ғасырдың 50 жылдарында жарыққа шыға бастады. Мәселен М.Д.Лесник, В.Н. Клюева, Л.Ю. Максимова. XX ғасырдың 60жылдарынан бастап антонимия тек орыс тілі ғана емес, басқа тілдер материалдары негізінде зерттеле бастады. Дәл осы кезде кеңес одағы көлемінде алғашқы антонимдер сөздіктері де жарық көре бастады. Арада он шақты жыл өткен соң антономияға деген қызығушылық өсе түсті. Н.П.Колесников пен М.Р.Львовтың антонимдер сөздігі баспадан шықты. Зерттелу объектісі кеңейе бастады. Антономия тілдің барлық деңгейлерде зерттеле бастады. Жалпы түркі тіліндегі антонимдер жөнінде жинақталған пікірлер мен тұжырымдардың баршылығы мәлім. А. Меметов қырым –татар тіліндегі антонимдерді зерттеп, олардың пайда болуларына, морфологиялық құрылымына қарай сараптаған, антонимдер әр түбірлі ғана болады деген тұжырымды жақтаған ғалым. Түбірлі антонимдерді жақтайтын ғалымдар бар. Оларды атайтын болсақ –ұйғыр тілінде –Ә. Қайдаров, Г.Садуақасова, Т. Тәліпов, башқұрт тілінде –Ж.Киікбаев, татар тілінде -Л.Г. Хабибов, қазақ тіліндегі –Ә,Болғанбаев, А. Жұмабекова. А.Меметовтың түбірлі антонимдер жоқ деген тұжырымды жақтаушыларға келетін болсақ олар, өзбек тілінде –И. Исабеков, түрікмен тілінде –С.Гуджиков, қазақ тілінде –С.Кеңесбаев, Ғ.Мүсірепов, Ж.Мусин [1,1].


Қазақ тіл біліміндегі алғашқы антонимдер туралы терең зеттеу жүргізіп, сүбелі еңбек жазған, антонимдер сөздігін жарыққа шығарған ғалым Ж.М.Мусин болатын. Ғалымның қазақ тіл біліміндегі антонимдер теориясының дамуына қосқан үлесі зор. Ғалым антонимнің зерттелуіне жан –жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамда, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан –жақты зерттеген болатын. С.Төлекова, Ж. Қонақбаева өз деңгейлерінде қарама –қарсылыққа байланысты пікірлер айтқан. Жиырманшы ғасырдың соңында орыс тілі мен қазақ тіліндегі антонимдік оппазицияларды салыстыру мәселесіне арналған А.Жұмабекованың еңбегіне ерекше тоқтала кетуге болады. Ғалым өз еңбегіндегі антонимияны құбылысының салыстырмалы –типологиялық аспектідегі теориялық қағидаларын алғаш рет кеңінен қарастырып, жан –жақты тұжырымдауға тырысқан.
Қарама –қарсылық екі түрлі болуы мүмкін: а) бір заттың бойындағы немесе бір құбылыстың ішіндегі қарама –қарсылық; ә) екі заттың не құбылыстың арасындағы қарама –қарсылық. Мәселен, жоғары –төмен десек бұл бір затқа тән, яғни қандай болмасын бір құбылыстың қандай да бір бағытын көрсетуге негізделген; ал антоним сөздер кейде бір затты не құбылысты қарсы позициямен сипаттайды. Мұндай қарама-қарсылық әр түрлі сапа, қасиет, қатынас, қозғалыс, жағдай т.б. белгілерді атай отырып көрінеді. Мәселен, ауыр –жеңіл (салмақты), алыс –жақын (ара –қашықтық) т.с.с.. Қарама –қарсылық бір жақты болмай, екі жақты болады. Жақсы –жаман десек, бұл бір қасиеттің екі шеті, оның орталық межісі орташа.
«Қарама –қарсылыққа» беріліп жүрген анықтамалардың ішінен біздіңше А.Аверьянов берген тұжырым дәлірек деуге болады: «противоположность –развитое до предела различие одной сущности». Олай болса қарама –қарсы мағына мен қарама –қарсылығының айырмашылығын ашып көрелік: қарама –қарсы мағына адамның санасында қарама –қарсы мағынадағы басқа да бір құбылыстарды елестетуге мүмкіндік береді; ал мағыналардың қарам –қарсылығы дегеніміз осындай қасиеттердің қатынасы. Алайда қарама-қарсы мағына мен мағына қарама –қарсылығы арасындағы айырмашылық осымен шектелді деуге болмайды. Қарма –қарсы мағына дегеніміз уақытша категория, себебі ол өзінің қарама –қарсы антиподынсыз өмір сүре алмайды, себебі сапа мен қасиет бірдей емес. [1,2]
Антоним термині –әлем тілдерінің бәрінде бар құбылыс. Антоним термині –гректің «onty –қарсы және onyta –отау, есім» деген сөзінен шығып, қарама –қарсы есім дегенді білдіріп, қарама –қарсылықты зерттейтін лексикалогияның антонимика саласында қарастырылады.
Антонимия – лексикалық бірліктердің мағыналық жағынан қарама –қарсылығы. «Антоним» деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен мазмұн жағынан «синоним» терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде кеш енеді.
Ғалым Н.М. Шанский 1964 жылы шыққан «Орыс тілі лексикалогиясы» атты еңбегінде антонимдерге: «Антонимдер айтылуы әр түрлі, бір –біріне қарсы мағына беретін, бірақ бір –біріне қатысты сөздер», -деп анықтама берсе антонимдердің өзара тәуелділігі мен қатыстылығы туралы зеттеуші Д.Н. Шмелев былай дейді: «Антонимикалық қарсылық қатарының әрбір мүшесі дәл осы қарама –қарсылықпен тілдің лексика –семанткалық бірлігі ретінде анықталады. Өзіне қарама –қарсы кішкентай сөзі болғандықтан ғана үлкен сөзі бар және керісінше, бұл екі сөз өздерінің негізгі мағыналарында бірін –бірі анықтап тұрады және бір –біріне тәуелді».
Қазақ тіл білімінде антонимдер жөніндегі пікірлер мен ғылыми тұжырымдар ғалым Ә.Болғанбаев, К.Аханов, М. Серғалиев, Ж.Мусин, М.Оразова еңбектерінде қарастырылған. Олардың көпшілігінде антонимдерге: «мағыналары қарама –қарсы сөздерді антоним дейді» деген анықтама беріледі. Профессор К. Аханов антонимдерді мынадай тақырыптық үш топқа бөліп қарастырған: Заттың сапасын, санын білдіретіндер (ақ –қара, жақсы –жаман ), адамның мінез –құлқын, көңіл –күйін, қасиеттерін және адамдар арасындағы қарым –қатынастарды білдіретіндер (сүйіну –күйіну, қуаныш –реніш), уақыт және кеңістік мағынасын беретін сөздер (қыс –жаз, кең –тар, күн –түн), ғалым Ә.Болғанбаев антонимдерді тек тілдік қасиеттеріне қарап қана емес, логикалық, қисындық сипатына қарай топтастырады. Ғалым мынадай антонимдік қатынастарды көрсетеді, антоним болатын ұғымдар қарама –қарсы мағынада болуы шарт (туу-өлу, ер –қорқақ), антонимдік жұптар бір ғана сөз табынан болуы тиіс (өмір –өлім, кету –келу), автор антонимдік оппозициялардың аралық мүшесін көрсетіп өткенімен: «ескі -көнетоз –жаңа», «шикі –дүмбілез-пісі» ұғым мен сөз мағынасының ара –жігін бөлмей, алмастырып қолданады.
Ғалым «...тілде қарама –қарсы ұғыммен қатар, аралық ұғым да болады» деп жазады. [2,3]
Антонимдер айналадағы заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.Сондықтан,мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Қазақ тіл білімі ғылымында К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мусин, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиевт.б ғалымдардың еңбектерінде антонимдер жан-жақты зерттелген.
Ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты 2002 жылы жарық көрген еңбегінде:
«Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді»-деген [2,4].
Поэзияда антонимдер шендестірудің (антитеза) бір тәсілі ретінде қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық – айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді.
Түсіндірме сөздіктерде сөздің әр түрлі мағыналарын айқындап, оларға анықтама беруде синонимдер мен антонимдер айрықша қызмет атқарады. Мысалы, түсіндірме сөздіктерде маңай деген сөздің мағынасы оның синонимі тұс, төңірек, айнала деген сөздер арқылы айқындалса, ақ деген сөздің түсті білдіретін мағынасы басқа бір заттың түсімен салыстыру арқылы немесе оның антонимі қара деген сөзді қарсы қойып салыстыру арқылы айқындалады [2,5].
Зерттеуші - ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады» - деген.
«Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысты нақ бірдей емес, ала-құла»-деген [2,6].
Тілдегі антонимдерді қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.
Лексиколог ғалым Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздер тобы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне-көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
1. Зат есімге тән антонимдер.
2. сын есімдерге тән антонимдер
а) түбір күйінде кездесетіндер;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер;
б) -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер.
3. Етістікке тән антонимдер.
4. Үстеуге қатысты антонимдер.
5. Есімдікке қатысты антонимдер [2,7].
«Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты еңбегінде С.Ғ.Қанапина мынадай тұжырым жасайды: «Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады» деген [2,8].
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».
Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді.
Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.
Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.
Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер.
Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы өзінің «1960-80 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі» атты еңбегінде:
«Көркем шығармада, поэзияда антонимдік қатынаста тұрған сөздердің семантикасы бізді қоршаған ортада, дүниеде болып жатқан қайшылықтарды дәл басып береді. Қарама – қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді» - деген [2,9].
Сын есім антонимдердің негізінде авторлық идеясы дәл беріліп, дүниедегі ұғымдарды бірімен – бірі салыстырып, шендестіріп береді. Сын есімдерден берілген антонимдер анық, айқын, оқырманына түсінікті жұмсалады.
Сонымен қатар, тілімізде етістіктен келетін антонимдер де, поэзияда поэтикалық – стильдік қызмет атқарады. Қарама – қайшылық құбылысты жеткізуде етістіктен жасалған антонимдер өлеңнің қуатын, қимыл – әрекет процесін анық көрсетуге бейім екендігі байқалады» - деп анықтама берген.
Зат есімге қатысты антонмдер:
1) –Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?-деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып,-отқа, суға ұмтылмайды, ә?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет