Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы тіліндегі антоним сөздерінің қолданысы: 1.Құлан енді оның бас-аяғына бажайлап көз жүгіртті.
2.Қоржын добра түбіне қолын сұғып жіберіп, әрлі-берлі жүгіртіп еді, көйлек-ыстан ба әлде не шүберектер былқ-былқ етті, содан өзге саусағына ештеңе білінбеді.
3.Онан да жөнін білейін, айтты-айтпады бір кәдеме жарар.
4. « Осы неме шын мұсылман ба екен, анықтасам қайтеді екен!» деп Құлан сәл-пәл ойланып тұрды да енді қайтып барудың есебін таппай және қайтып барса мынау қайыршы алдында өзінің әлдебір беделі түсіп қалатындай көріп, «әй, қойшы, осы тіленшінің өтірік-шыны маған неме керек, өзіме залалы тимесе қайтемін оны»,- деп суатқа қарай аяңдады.
5.Жасынан құқайды көп көргендікі ме, Майлық өзінен үлкен-кіші болсын бетіне жасқаншақтай қарайтын.
6. Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйірін жинап алды да елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары-төменбойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді.
7.Сыбдырсыз басып, әйелі кіріп-шығып жүр.
8.Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой.
9.Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар.
10. Өлсем, тірілсем осы туған жерімде қалармын [4,13].
11.Ақ-қарасына жетіп алсайшы әуелі.
12. «Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма»,-деп алды-артына қарамай жөнеле берді.
13. Бұл сәтте ол қарулас жолдасының келуіне қуанарын да, ренжірін де білмеді.
14.Бұл дүниеде бүгін бар, ертен жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.
15. –Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?-деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып,-отқа, суғаұмтылмайды, ә?
16.- Жақсы-е, санаған жоқ екенсің ғой. Ал қандай әйел жақсы-сезімі ме, арығы ма?
17. Әйтсе де көңіл түбінде қорқыныш оны құшағынан босатпады, бір кездегі қолына түскен адамды бар етсем де, жоқ етсем де еркімде дейтін өктем сезім қазір мүлде өшіпті.
18. Он жеті-он сегізге келгенше ата-ана бауырында еркін өсті.