ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты: Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту
бойынша
ғылыми-теориялық
түсінік беру.
Міндеттері: - студенттерге Сыр сүлейлерінің шығармашылығы, ондағы «əдеби бейне»,
«бейнелілік» категориялары жайлы білім беру;
-қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-
жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларын көркемдік-стильдік жағынан заманауи
педагогикалық техникамен оқыту, студенттің өзін-өзі білімдендіруіне ықпал ету;
- Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың деректер жайлы
түсіндіру, шығармаларын жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай сараптау;
-«əдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдарын əдебиеттану заңдылықтары бойынша
ғылыми-теориялық тұжырымдауға дағдыландыру;
Күтілетін нәтижелер: - студенттерге Сыр сүлейлерінің шығармашылығы, ондағы «əдеби бейне»,
«бейнелілік» категориялары жайлы білім қалыптасады;
-қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-
жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларын көркемдік-стильдік жағынан заманауи
педагогикалық техниканы меңгереді, студенттің өзін-өзі білімдендіреді;
- Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың деректер жайлы
түсінеді, шығармаларын жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай сараптай алады;
-«əдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдарын əдебиеттану заңдылықтары бойынша
ғылыми-теориялық тұжырымдайды.
Пәннің құзыреттіліктері: -Сыр сүлейлерінің шығармашылығы туралы, оның бағыттары, өзгешелігі, жаңалығы
мен жетістігі, ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы кеңінен мəлімет алады;
-көркем туындылар туралы, ақын-жыраулар шығармашылығы туралы жан-жақты баға
беруге, талдау жасауға үйренеді;