13
жасаудағы сыр сүлейлерінің шеберлігі, даралығы жан-жақты ғылыми тұрғыдан
қарастырылды. «Әдеби бейне» жəне «бейнелілік» мəселесін теориялық
тұрғыдан
зерттелуін негізге ала отырып, Сыр сүлейлерінің шығармаларында
атқарған
ролін анықтап, ақын-жыраулардың шеберлігін тағы бір қырынан
ашып, ауқымды мəселе көтеруімен сипатталады.
Сыр сүлейлерін тануда олар қолданған бейнелі
сөздердің ерекшелігін
саралауда, ой-танымға белгілі дəрежеде ықпал еткен еңбектер қамтылды.
Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің ұлттық мүддеге негізделген танымдары мен
бейнелі сөз қолданудағы ерекшеліктерін тереңдете зерттей түсіп, əдебиеттану
саласында қолға алынуы тиіс жұмыстар сараланды.
«Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы
«әдеби бейне» және «бейнелілік» мәселесін оқытудың ғылыми-әдістемелік
негіздері»
атты екінші бөлімде Сыр сүлейлері
шығармаларын оқытудың
педагогикалық ұстанымдары айқындалып, болашақ кəсіби
тіл мамандарын
қалыптастырудың құрылымдық мазмұндық моделі жасалынды. Осы енгізілген
оқу-таным жұмыстарының арнайы тиімділігін бағалау үшін
эксперимент
қорытындысы жасалынды. Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері
шығармаларының ұлттық жəне əлемдік өркениеттегі маңызды орны
айқындалды.
Қорытындыда:
зерттеудің негізгі қағидалары мен алынған нəтижелер
тұжырымдалып, ғылыми əдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада:
ғылыми-зерттеу
жұмысына қатысты енгізу актісі, курс
бағдарламасы мен силлабусы, кестелер ұсынылды.