Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі: Зерттеу мазмұнының
ғылыми аппаратқа сəйкестілігімен; зерттеу əдістер кешенін пайдаланумен;
алынған
деректердің
дəлдігімен,
тəжірибелік-эксперименттік
зерттеу
жұмысының жоспарлы кезеңділігімен, бастапқы жəне соңғы көрсеткіштер
нəтижелерінің тиімділігімен, олардың оқу үдерісіне ендірілуімен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары мен нәтижелері. Жұмыстың негізгі мазмұны мен нəтижелері Қазақстан Республикасы
Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің Ғылым жəне жоғары білім саласында
сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдарда жарық
көрді, халықаралық жəне республикалық конференцияларда баяндамалар
жасалды. Алыс-жақын шетелдердегі
халықаралық конференция
Ұлыбритания
(2021), Түркия (2023), халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-
практикалық конференцияларда, республикалық, облыстық семинарларда
жасалған баяндамаларда талқыланған.
Диссертацияда қорытындыланған тұжырымдар алыс-жақын шетелдік
басылымда (Ұлыбритания, Түркия) 2 мақала, 7 мақала - ҚР Ғылым жəне
жоғары білім министрлігінің Ғылым жəне жоғары білім саласында сапаны
қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдарда жарияланған.
Қазақстанда өткен халықаралық конференцияда 8 мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау,
қорытынды, пайдаланылған əдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі нақтыланып, зерттеу
жұмысының мақсаты, міндеттері, зерттеу пəні мен нысаны, зерттеу
жұмысының дереккөздері, ғылыми болжамы, əдіснамалық жəне теориялық
негіздері айқындалып, ғылыми жұмыстың жаңалығы, теориялық жəне
практикалық
маңыздылығы
тұжырымдалып,
жүргізілген
тəжірибелік
жұмыстың кезеңдері мен зерттеу əдістері, қорғауға ұсынылған басты қағидалар,
сынақтан
алынған
мəліметтер
мен
зерттеу
нəтижелері
бойынша
жарияланымдар ұсынылды. Жұмыста Сыр сүлейлері шығармаларындағы
«бейне» жəне «бейнелілік» мəселесі нысанға алынып, теориялық зерттелуін
негіздеп, диссертация өзегіне айналып толыққанды зерделенді.