Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

Эксперименттің 
мақсаты

Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілікті оқытудың тиімді тəсілі 
құрастырылған мазмұндық-құрылымдық модель мен элективті курстың 
тиімділігін дəлелдеу; оның теориялық-əдіснамалық негізін жасау. 
Эксперимент 
алаңы
ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Болашақ» 
университеті.
Диагностикалық экспериментте бастапқы кезеңде ғылыми еңбектер 
негізінде зерттеудің негізгі бағыттары айқындалды. Экспериментке қатысушы 
студенттердің əдебиет теориясынан білімі сауалнамалар арқылы анықталып, 
эксперименттік топта
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 
6В01721 (5В011700) – қазақ тілі мен əдебиеті білім беру бағдарламасының 
екінші курсының 
(85 студент
), 
бақылау тобына
«Болашақ» университеті 
6В01721 (5В011700) – қазақ тілі мен əдебиеті білім беру бағдарламасының 
екінші курсы студенттері (
75 студент
) алынды. Педагогикалық эксперимент 
2018-2022 жылдар аралығында жүргізілді.
Диагоностикалық 
эксперименттің 
мақсаты 
– 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнеліліктің жоғары оқу орны 
жағдайында оқытудың алғашқы мəліметтеріне сүйене отырып, оқыту 
үрдісіндегі тиімді əдіс-тəсілдерін пайдалану жолдарын анықтау, сонымен бірге 
болашақ тіл мамандарының Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне 
жəне бейнелілікті жоғары оқу орындарында оқытудың тиімді əдіс-тəсілдері 
моделінің үш компоненті (танымдық, шығармашылық – іс-əрекеттік, жеке-
тұлғалық бағдарланған)
 
бойынша білім алушылардың Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орны 
жағдайындағы оқу үрдісіндегі меңгерген деңгейлерін (жоғары, орта, төмен) 
айқындау болып табылады. Осы орайда болашақ тіл мамандарына Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу 
орындарында оқытудың жолдары мен тиімді əдіс-тəсілдерін анықтау үшін 
төмендегідей əдістемелер кешені дайындалды жəне пайдаланылды:
 
1) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті 
контент-талдау əдісі; 
2) Білім алушыларға Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқытудың маңыздылығын 
анықтауда авторлық сауалнамалар жүргізу;


112 
3) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті 
Жоғары оқу орындарында интербелсенді оқытудың тиімді жаңашылдық 
əдістері мен технологияларын контент-талдау; 
4) А.В. Карповтың рефлексияның жеке дара өлшемдерін анықтауға 
бағытталған психодиагностикалық сұрақнамасы;
 
5) Өзін-өзі жетілдіру. А. Маслоу əдісі бойынша (Болашақ тіл 
мамандарының Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілікті меңгеруін білдіретін кəсіби мəнді қасиеттерін анықтау (кесте 11).
Кесте 11 – Болашақ тіл мамандарына ЖОО-да Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқытудың бастапқы 
деңгейін зерттеу əдістемелері 
№ 
Компоненттері 
мен өлшемдер 
Әдістеменің аты 

Танымдық 
компонент, 
өлшемі – əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілік 
тəсілдерін 
меңгеру. 
1) 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларының 
кəсіби 
тұлғаның 
қалыптасуына көзқарасын анықтау үшін жоғарғы оқу орнының 
оқытушыларына дайындалған сауалнама; 
2) Білім алушылардың «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілік» туралы білім деңгейін анықтауға 
арналған авторлық сауалнама; 
3) Білім алушыларға ЖОО- да Сыр сүлейлері шығармаларындағы 
əдеби бейне жəне бейнелілікті оқытудың маңыздылығын
анықтауда əр түрлі авторлық сауалнамалар жүргізу. 

Шығармашылық 
–іс-əрекеттік 
компонент, 
өлшемі 
– 
шығармашылық 
белсенділік 
1) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілікті контент – талдау əдісі; 
2) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілікті ЖОО – да интербелсенді оқытудың тиімді 
жаңашылдық əдістері мен технологияларын контент – талдау.

Жеке – тұлғалық 
компоненті, 
өлшемі – кəсіби 
тұлғалық өзін – 
өзі жетілдіру 
1) А.В.Карпов ұсынған рефлексияның жеке дара өлшемдерін 
анықтауға бағытталған психодиагностикалық сұрақнамасы. 
2) Өзін – өзі жетілдіру А. Маслоу (Болашақ тіл мамандарының 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті 
меңгеруін білдіретін кəсіби мəнді қасиеттерін анықтау. 
Кестеде көрсетілген диагностикалық əдістемелердің көмегімен алғашқы 
алынған нəтижелерді қарастырамыз.
Болашақ тіл мамандарының Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде меңгеруі 
бойынша тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты мен міндеттері, 
модельдің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері жəне деңгейлеріне 
сəйкес алынған нəтижелері ашып көрсетіледі. 
Біз зерттеу мақсатына сəйкес Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орнында оқытудың ғылыми-əдістемелік 
негіздерін анықтау үшін ең алдымен тақырыпқа қатысты филологиялық, 


113 
фиолософиялық, 
педагогикалық-психологиялық 
ғылыми 
əдебиеттердің 
теориялық талдауын жүзеге асырдық.
Айқындаушы эксперимент кезеңінде жоғары білім беру жүйесінде Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу 
орнында оқытудың тəсілдерін айқындау мақсатында білім алушылармен 
сауалнамалар жүргіздік. Сондай-ақ осы міндетті шешу үшін ЖОО-да жүзеге 
асырылатын тақырыпқа қатысты тəрбиелік іс-шаралардың жоспарлары мен 
бағдарламаларын талдауда (оқытушылар мен білім алушылардың ЖОО-да, 
мектептегі оқу, кəсіби практикаларындағы болашақ тіл мамандарының 
педагогикалық-психологиялық 
іс-əрекетін) 
құжаттарды 
талдау 
əдісін 
қолдандық.
Анықтаушы 
экспериментті 
зерттеудің 
1-кезеңіндегі 
танымдық 
компонентінде, өлшемі ретінде - əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін 
меңгеру
 
ұстанымы бойынша ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілік туралы білімдерін айқындау мақсатында білім 
алушыларға сауалнама əдісін өткіздік. 
1) Білім алушыларға «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне 
жəне бейнелілік» туралы білім деңгейін анықтауға арналған авторлық 
сауалнамасы;
2) Білім алушылармен ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті оқытудың маңыздылығын анықтауда авторлық 
сауалнамалар жүргізу; 
3) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті 
контент-талдау əдістері жүргізілді. 
Айқындаушы 
эксперименттің 
шығармашылық 

іс-əрекеттік 
компонентінде, өлшемі - шығармашылық белсенділік бойынша Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерінің кездесу жиілігі 
контент-талдау əдісінде анықталып, анықтаушы эксперимент барысында ЖОО-
ның оқу үрдісінде Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілік тəсілдерін тиімді қолданудың интербелсенді əдіс-тəсілдерін 
контент-талдау əдісі негізінде кездесу жиілігі айқындалды.
Айқындаушы эксперименттің 3-ші компонентінде жеке-тұлғалық 
компоненті, өлшемі - кəсіби тұлғалық; өзін-өзі жетілдіру бойынша Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін контент-
талдау негізінде анықтап, болашақ тіл мамандарына Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орындарында 
оқытудың жолдары мен тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға мүмкіндік берді. 
Жүргізілген қалыптастырушы эксперименттен кейін білім алушылардың Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу 
орнында оқытудың интербелсенді тəсілдерін меңгеруі мен рефлексивтілігінің 
қалыптасу ерекшеліктері айқындалды. Зерттеуші білім алушылардың 
рефлексивтілігінің қалыптасуы ерекшеліктерін зерттеуде А.В. Карпов [140] 
ұсынған рефлексияның жеке дара өлшемдерін анықтауға бағытталған 
психодиагностикалық сұрақнамасын 
қолдандық. Содан соң өзін-өзі 


114 
жетілдіретін 
тұлғаның 
жоғары 
оқу 
орындарында 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерінің меңгеруін 
білдіретін кəсіби мəнді қасиеттерін анықтау үшін қолданылған А. Маслоу
ұсынған «Өзін-өзі таныту тесті» жүргізілді. 
Қалыптастырушы 
эксперимент 
кезеңінде 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орнында 
оқытудың интербелсенді тəсілдерін меңгеруін анықтайтын авторлық 
сауалнамалар, олардың кездесу жиіліктерін контент-талдау арқылы зерттеу 
нəтижесінде алынған мəліметтерді математикалық статистикалық өңдеу үшін 
Фишердің бұрыштық критерийлері қолданылды.
Зерттеуде қолданылған əдістемелердің сипаттамаларын берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет