Зерттеудің ғылыми болжамы: егер,
Сыр сүлейлері шығармаларындағы
əдеби бейне мен бейнелілік мəселесін жоғары оқу орындарында оқытуды
теориялық-əдіснамалық тұрғыда негіздеп, тиімді əдіс-тəсілдерін айқындаса,
оның нəтижесі ретіндегі құрастырылған мазмұндық-құрылымдық модель мен
элективті курсты «Қазақ тілі мен əдебиеті», «Қазақ филологиясы» білім беру
бағдарламаларының оқу үдерісіне енгізсе,
онда
болашақ мамандардың кəсіби
қарым-қатынас дайындығы интеллектуалдық, рухани жағынан қамтамасыз
етіледі.
Өйткені
аталған компоненттер бəсекеге қабілетті, құзыретті мамандар
даярлауға мол мүмкіндік береді.
Зерттеудің жетекші идеясы:
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне мен бейнелілік мəселелерін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оны
оқытудың біз анықтаған тиімді жолдарымен жоғары оқу орындарының білім
беру бағдарламаларына енгізсе, ұлттық білім мен ғылымның өркендеуіне үлкен
үлес қосылары анық.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Зерттеу
жұмыстары кезінде қазақ жəне шетел əдебиеттануындағы көрнекті зерттеуші
ғалымдардың еңбектері, сонымен бірге М. Әуезов, З. Ахметов, М. Қаратаев, М.
Базарбаев, З. Қабдолов, Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, С.
Қирабаев, Т. Кəкішев, С. Қасқабасов, С. Негимов, сондай-ақ, орыс ғалымдары
М.И. Тимофеев, А.А. Потебня, Г.Л. Абрамович, Ю.М. Лотман, Аристотель,
В. Жирмунский, В.В. Кожинов, В.Г. Белинский, М.М. Бахтин, В. Новиков,
Ю.И. Папова, Б.Т. Лихачев, В.М. Монахов, Ш.А. Амонашвили, А.В. Карпов,
М. Хропченконың еңбектерінің тұжырымдары, əдістемелік ұстанымдары
негізге алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық дерек көздері:
Жұмыстың ғылыми-
теориялық негіздерімен қоса, тəжірибелік жəне рухани білім беру мəселесін
анықтауда
ұлттық
əдебиеттану
ғылымының
көрнекті
өкілдері:
А. Байтұрсыновтың [1], М. Әуезовтің [2], Қ. Жұмалиевтің [3], Ә. Тəжібаевтың
[4], Е. Ысмайыловтың [5], Б. Кенжебаевтың [6], З. Ахметовтің [7],
М. Базарбаевтың [8], З. Қабдоловтың [9], С. Қирабаевтың [10], Р. Нұрғалидың
[11], Ә. Нарымбетовтың [12], С. Негимовтің [13], У. Қалижановтың [14],
А. Шəріптің [15] т.б. əдебиет зерттеуші ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |