5
екіншінің «жауап» қатуы. Бұл орайда
бастапқы туындының сюжеті,
кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады.
Миф
– 1) көне аңыз, əңгіме; 2) тарихи – мəдени сананың ерекше күйі.
Символ
(symbolon – танымдық белгі, таңба, рəміз, пернелеу).
Көркем
бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда
символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы
мəнге ие.
Дүр
– ең күшті, ерек, мықты,
жоғары деңгейде, білімнің биік шыңына
шыққан деген мағынада өлеңдерде көп кездеседі. Ақындар бұл сөзді де сөздік
қорында көп қолданады. Мысалы, «Дүр Оңғар», «өлеңнің дүрі». «Дүр» сөзі
Сыр сүлейлерінің өлеңдерінде көп қолданылады.
Инновациялық технология
– алдын-ала жобаланған оқу-тəрбие үдерісін
жүйелі жəне ретімен тəжірибеге ендіру.
Педагогикалық технология
– қоғамның қазіргі таңдағы білім беру
саласына қойып отырған талаптарына сəйкес
анықталған білім мазмұнын
жүзеге асыру үшін оқыту мақсатына қол жеткізу жолындағы тұтас
дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен іс-əрекеттер тізбегі.
Достарыңызбен бөлісу: