Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын



Pdf көрінісі
бет64/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

93-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын 
берудің кезектілігі 
1. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын 
берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін 
ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не 
тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. 
2. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты 
өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек 
демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті. 
94-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын 
ауыстырудың жағдайлары мен тәртібі 
1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай 
жағдайларда: 
жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда; 
жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық 
немесе оның бір бөлігі ауыстырылады. 
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл 
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің 
өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу 
кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың 
келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы 
немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында 
бөлек берілуі мүмкін. 
3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге 
тыйым салынады. 
95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері 
шақыртып алу 
1. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы 
ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана 
үзуі мүмкін. 


107 
2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін 
еңбек 
демалысының 
пайдаланылмаған 
бөлігі 
еңбек 
шарты 
тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе 
келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс 
жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады. 
3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан 
кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа 
уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы 
келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі 
жүргізіледі. 
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және 
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті 
жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет