Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған



Pdf көрінісі
бет66/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған 
баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар 
1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған 
баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың 
туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі: 
1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 
2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге 
демалыс; 
3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 
жалақы сақталмайтын демалыс. 
2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа 
құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген 
күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын 
еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер 
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, 
ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан 
кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп 
бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға 
байланысты демалыс беріледі. 
Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс 
әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және 
жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. 
3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге 
(ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала 
туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс 
беріледі. 
4. Егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс 
берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай 
отырып, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру 
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және 
босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты 
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын 


109 
шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған 
баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа 
ақы төлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет