Культурогенез тюркских народов в свете междисциплинарного подхода



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата13.02.2023
өлшемі395,09 Kb.
#67457
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Аязбекова С.Ш.
Пәнаралық көзқарас тұрғысынан алғандағы түркі халықтарының 
мәдени генезисі
Аңдатпа.
 Пәнаралық талдау процесінде шолу қызметін атқаратын мәдени-
философиялық әдіснама негізінде лингвистика, цивилиология және ДНК-
генеологиясы шежіресінің әдістері мен деректерін пайдалана отырып, түркі 
халықтарының мәдени генезисі процесінің мәні мен ерекшеліктері ашылады. 


 78
 ISSN 1999-5911. Әл-Фараби | 3 (79) 2022 www.alfarabijournal.org
Тюркский мир в потоке истории 
Түркі мәдени бірегейлігі түркі суперэтностарының пайда болуынан 
әлдеқайда бұрын, прототүркілердің пайда болуымен бір мезгілде қалыптаса бас-
тайтыны көрсетілген. Мәдени генезис пен антропогенез процестері синхронда-
лады, оның үстіне этникалық мәдени әмбебаптар емес, жалпыадамзаттық негізгі 
әмбебаптар қалыптасады деген ереже дәлелденген.
Ұлы даланың (Далалық Еуразия) ең маңызды мәдениеттерінің бірі болып 
табылатын энеолит дәуіріндегі (б.з.д. 3700-3100 жж.) Ботай археологиялық 
мәдениеті қарастырылады, өйткені онда ежелгі және неғұрлым кейінгі 
мәдениеттер және өркениеттер арқылы сабақтастық тетіктері айқын байқалады, 
көшпелі және отырықшы әлемдік өркениеттің, сондай-ақ жергілікті Тәңірлік 
өркениеттің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері бақыланады.
Нәтижесінде мәдени генезис процесі Ұлы дала аумағында ең ежелгі 
жергілікті Тәңірлік өркениеттің құрылуына әкелді, ал прототүркілердің қоныс ау-
даруы көшпелі өмір салтының басым болғаны секілді Тәңірлік өркениеттің қанат 
жаю деңгейінің жоғары және прототүркілік мәдениеттің Еуразия даласының 
кеңістігінде ғана емес, сонымен бірге одан әрі де таралуын анықтады деген 
тұжырымдар жасалады. 
Мақалада одан әрі ғылыми зерделеуді талап ететін бірқатар мәселелер 
айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет