Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Ш.Уәлиханов және оның шығармашылығы



бет10/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
14.Ш.Уәлиханов және оның шығармашылығы.
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті. Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғанаu жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды. Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болғанu кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның бел атасы. Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңызәңгімелерді қызыға тыңдайды. 1847 жылдың күзінде әкесінің аралас-құралас орыс достарының жәрдемімен Омбыдағы кадет корпусына қабылданды. «Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екіүш жылдан соң Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің де идея жағынан басып озды» деп жазды естелігінде бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқан 12 жасында Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Оқуға әкеліп түсірген адам сол кездегі қазақ істерінu басқарушы комиссияның тілмашы В.И.Добшинский деген кісі болады. Корпустың оқушылары 2 топқа бөлінеді: бірі рота, онда тек чиновниктердің, жаяу әскер офицерлерінің балалары оқиды. Екіншісі эскадрон деп аталады. Онда тек қана казак-орыстардың балаларыоқиды. Шоқанды хан тұқымы болса да эскадронға алады. Эскадронға қара халық баласы деп кемсітушілік болған. Қандай қиын болғанмен, Шоқанға білім берген ғалымдары: орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, ориенталист Николай Федорович Костылецкий (1818-1867), жергілікті Сібірказактарынан шыққан, қазақшаны ана тіліндей білген. Шоқанның әкесі Шыңғыспен казак училищесінде біргеоқыған. Н.Ф.Костылецкий әскери училищеден кейін Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсіп, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуде ерекше көзге түскен. Н.Ф.Костылецкий Шоқанға Пушкин мен Низами, Гоголь мен Фирдоусидің есімін таныстырды, шығыстанушы дәрежесіне жеткізді. Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбыкадет корпусын бітіріп, «атты әскер корнеті» атағын алған соң Шоқан сібірu казак-орыс әскерінің 6-атты әскер полкінеқызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары Санкт-Петербург университетінің тарих-филология факультетіндедәріс тыңдаған. Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай тілдерін жақсы меңгереді. Шоқанның шығармаларын жинап бастырудаорыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биікu өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін баршаболмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнерu саласындақазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан150—дей сурет қалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет