Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Қазақ мәдениеті және түркі әлемі



бет15/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну-emirsaba.org

19. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі.
1. Еуразиялық кеңістік аумағындағы мәдени байланыстардың бірнеше өркениеттік-мәдени сабақтастықты сіңірген әрі бай, әрі көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрі байтақ далалар аймағы көшпелі және отырықшы халықтардың түрлі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болды. Қазақстанның қазіргі аумағында сан түрлі тайпалар мен халықтардың жолы түйісіп отырды. Осы халықтар туралы деректер бізге сан түрлі көріністерде, соның ішінде өнер, халықтың естелігі арқылы жетті. Еуразияның шежіресі өркениетаралық қарқынды және жемісті өзара ықпалдастық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзара кірігу мысалдарына толы. Солардың ішіндегі ең айшықтылары – халықтардың Ұлы көші-қонына байланысты оқиғалар, осы оқиғалардың нәтижесінде бүгінгі Еуропаның нобайлары пайда болды.
Ұлы Жібек жолы ежелгі заманның басты сауда-экономикалық күретамырына айналса, көшпелі-номадтардың мемлекеттік құрылымдары симбиоздың, түрлі мәдениеттер мен діндер бірлестіктерінің (одағының) үйлесімді үлгілеріне жатады.
Қазақстан топырағында тұрған тайпалар мен халықтар өздерінің дербес, көшпелілерге ғана тән бірегей мәдениетін жасады, осы мәдениет Батыстың да, Шығыстың да түрлі мәдени дәстүрлерімен өзара ықпалдастық жүргізді. Көшпелілердің өркениетіне, басқа кез келген өркениет сияқты, бірқатар ерекшеліктер, соның ішінде мәдени, саяси және экономикалық өзгешеліктер тән. Сонымен бірге, номадтардың жалпыадамзат өркениетіне қосқан нақты үлесі көбіне елене бермейді, бірақ нақ сол көшпелілер әскер тегін (қару-жарақ, ат әбзелдері), мал шаруашылығын, ою-өрнек өнерін дамытуда нағыз революциялық жаңалықтар енгізді. Түркі мәдениетінің көптеген элементтерін Еуропаның да, сондай-ақ Азияның да егін шаруашылығымен айналысатын отырықшы халықтарының өздеріне сіңіргені таңқаларлық жәйт емес.
Еуразиялық мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениеттері дамуының басты кезеңі немесе олардың өзара байланыстарын «мәдени көпір» ретінде қарастыруға да болады. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді.
Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған.
Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...» деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады.
Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы «Халықтардың ұлы көші» кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның («Гот-Алан») атауы болған жаңа этникалық элемент құрды.
Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған. Олардың бір бөлігі Кавказдағы Қарашай жеріне көшіп, соңынан Ұлы көш кезінде қазіргі Франция жеріне барып орнықты.
Ғұндар Қара теңіз жағалауын, Керч бұғазын, Боспор патшалығын, Рим империясының Паннония аймағын (Венгрия) өзіне қаратып, Еуропадағы Батыс ғұн империясын құрды. Олар 437 жылы Рейн өзені бойында Бургун корольдігінің әскерін жеңгеннен кейін барлық герман тайпалары ғұндарға бағынышты болды.
Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық «құдайдың қамшысы» («бичь божий») деп атап кетті.
Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.
«Халықтардың ұлы көшінің» тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді.
Д.Николле ғұндар туралы, «Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды. Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді» дейді. IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; «түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады» деп бағалаған. Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі.
Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”.
Ғұндар дәуіріндегі түркі тайпаларының Еуропа мен Азия құрлығында ілгерушілік маңызы зор болды. Өткен мәдениеттерден шынайы «еуразиялық» бізге белгілі ұлы мәдениеттерден эллиндік «Батыс» және «Шығыс» элементтерін ұштастырған және оны жалғастырған византиялық- шығыс- Жерорта теңіз дүниесіндегі соңғы антикалық және орта ғасырды қамтитын. Жоғары дәрежеде орыс мәдениеті мен византия мәдениетінің арасында тарихи байланыс байқалады. «Еуразиялық» мәдениет белгілі бір мөлшерде екі мәдениеттің тарихи сабақтастығынан туындайды.
Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Еуразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
«Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде «қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады. А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады.
«Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы күші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани өмірдің қазығы болды.
2. Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.
Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей үлгіде жүйелесек:
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастризм) діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды.
Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі күнтізбелік дүниетанымды қалыптастырды. Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды.
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген.
Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Еуразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну – методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді. Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.
Бүгінгі Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің саналуандығын мирас етті. Ел аумағында тұратын жүзден аса этностық топтың өкілдері азиялық және еуропалық компоненттерді үйлестіретін бірегей мәдени нақышты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет