KÜLTÜr evreni universe of culture вселенная культуры 16 «Һибат-ул хақайиқ»



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі366,56 Kb.
#6529

KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



16 

 

 



 

 

«ҺИБАТ-УЛ ХАҚАЙИҚ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ҒЫЛЫМИ 



СИПАТТАМАСЫ ЖƏНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 

 

“ATABET-ÜL HAKÂYIK” ESERİNİN BİLİMSEL TANIMLANMASI 

VE ARAŞTIRILMASI 

 

SCIENTIFIC DEFINITION AND RESEARCH OF THE WORK 

“ATABET-ÜL HAKÂYIK” (Threshold of the Reality) 

 

 

Dr. Doç. Dr. Bakytgul R. KULZHANOVA

*

 

(Бақытгүл Р. Құлжанова) 

 

 

Түйін 

 Бұл  аталмыш  мақала XII ғасыр  туындысы  «Һибат-ул  хақайиқ»  дастанына 

арналған.  Бұл  ғажайып  туындының  зерттелуі,  біздің  заманымызға  келіп  жеткен 

нұсқалары,  шетелдер  мен  Кеңес  одағы  кезіндегі  зерттеушілер  еңбегіне  тоқталады. 

Автор  сонымен  қатар  ескерткішті  ескі  түркі  тілінен  қазақ  тіліне  аударып,  ғылыми 

сипаттамасын, сөздіктерін жасаған ф.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлының осы 

тұстағы ерекше еңбегіне шолу жасалады. 



Тірек  сөздер:  Һибат-ул  хақайиқ,  Ахмед  Йүгінеки,  дастан,  түркі  жазба 

ескерткіштері, зерттеушілер, Қарахан мемлекеті. 

 

Özet 

Bu makale; Ahmet Yugneki’nin XII. yüzyılda yazdığı “Atabet-ül Hakâyık” adlı eseri 

anlatmaktadır. Makalede, bu muhteşem eser hakkında Sovyetler Döneminde yerli ve ya-

bancı araştırmacıların eserleri verilmekte, yapılan incelemelerin tarihleri ortaya konmakta, 

eserin günümüze kadar ulaşan nüshaları anlatılmaktadır. 

Makale yazarı, aynı zamanda bu eseri kadim Türkçeden Kazak Türkçesine çevirmiş, 

bilimsel özelliklerini sıralamış, sözlüğünü oluşturmuş olan değerli felsefe uzmanı Prof. Dr. 

Berikbay Sağındıkulu’nun bu konuda ortaya koyduğu eseri üzerinde de durmuştur. 



Anahtar Kelimeler: Atabet-ül Hakâyık, Ahmet Yugneki, Türk edebi eserleri, araştır-

macılar, Karahan’ın ülkesi 

                                                 

*

 El-Farabi Adındaki Kazak Milli Üniversitesi Filoloji, Edebiyat ve Dünya Dilleri Fakültesi Ka-



zak Filolojisi Bölümü, Almatı/KAZAKİSTAN 

Əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  Филология,  Əдебиеттану  Жəне  Əлем  Тілдері  Факультеті 

Қазақ Филологиясы Кафедрасының Доценті  

 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



17 

 

Abstract 

This articles deals with the work “Atabet-ül Hakâyık” (Threshold of the Reality) 

written by Ahmet Yugneki in the XIIth century. In the said article, Works of domestic and 

foreign researchers in the Soviet Period in connection with “Atabet-ül Hakayık” as well as 

information are furnished on the dates of the studies made and on the copies of the works 

reached up to the present time. 

In the meantime, the article in question has been translated by Prof. Dr. Berikbay 

Sağındıkulu, an esteemed philosophy specialist, from the ancient Turkish to Kazakh 

Turkish, who also listed its scientific features and created a vocabulary for it. The article 

also dwells upon the work on the above written by Prof. Dr. Berikbay Sağındıkulu.  

Key Words: Atabet-ül Hakâyık (threshold of the reality), Ahmet Yugneki, Turkish 

literary works, researchers, Karahan’s country  

 

 

 Түркі халықтарының мəдени тарихында Қарахан мемлекеті елеулі орын алады. 



Қарахан  мемлекеті  халқының  этникалық  құрамы  əртүрлі  болған.  Қоғамдық,  саяси-

əлеуметтік  өмірде  қарлұқ,  чығыл,  арғу,  яғма  тайпалары  айрықша  роль  атқарған. 

Мемлекетті хандардың ханы – Тамғач-хан басқарған. Оған бағынышты өлкелер мен 

обылыстардың  билеушілері  Илек-хан  деп  аталған.  Тарихта  мемлекеттің  негізін 

салушылар  қараханидтер  əулеті  болып  есептеледі.  Бұл  атауды  ғылыми  термин 

ретінде  əдебиетке  орыстың  белгілі  шығыс  зерттеушісі  профессор  В.В.  Григорьев 

енгізген. [1]. Қара-хан – осы  мемлекетті  билеген  алғашқы  хандардың  бірі. 

Тарихшылардың жобалауынша, бұл мемлекет 932-1165 жылдардың аралығында өмір 

сүрген.  Оған  Шығыс  Түркістанның  бір  бөлігі,  Жетісу,  Шаш,  Ферғана  қараған. X 

ғасырдың  аяғында  қараханидтер  Бұхара  мен  Самарқантты  жаулап  алады.  Сөйтіп, 

бұларға  ежелгі  Соғды  территориясы  түгелдей  бағынышты  болады.  Мəдеии 

орталықтар шоғырланған екі өзен аралығы –Мавераннахрға билік жүргізеді. 

Бүкіл  елдің  бір  орталықтан  басқаратын  белгілі  бір  билеушісі  болғанымен 

жергілікті  жерде  бытыраңқылық  сипат  алған.  Соған  қарамастан  мəдениет  пен 

əдебиеттің өсуіне қолайлы жағдай жасалған. 

X-XII  ғасырлар – Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  ана  тілі  мен 

əдебиетінің  өркендеп-өсуіндегі  жаңа  басқыш  болды [2. 134-б.].  Орта  Азияда 

қараханидтер  бастаған  дəуірде  əдебиет,  мəдениет  бұрын-соңды  болмаған  деңгейде 

өсіп, қолөнер, зергерлік өнерлері едəуір дамыды.  

 Бұл ғасырларда түркілер елі – Түркістанның рухани-мəдени даму дəрежесі биік 

тұрғанын сипаттайтын жəдігерліктер аз болмаған [3. 3-б.].  

 Қараханид  мемлекетінің  ірі  орталықтары – Қашғар,  Баласағун,  Үзген 

қалаларында  ірі  архитектуралық  құрылыстар,  əртүрлі  мəдени  орталықгар  пайда 

болған.  Оларға  ірі  ғалымдар,  оқымыстылар,  жазушы,  ақындар  шоғырланған.  Көрші 

елдердің  тілдерінен  (мысалы,  монғол,  қытай  т.б.)  түркі  тілдеріне  діни  шығармалар, 

əртүрлі мазмұндағы əдебиеттер аударылған.  

 Түркі  халықтарының  рухани-мəдени,  тарихи  өмірінде  бұл  ғасырларда  өмір 

сүрген  ақыл-ой  мен  білімнің  алып  тұлғалары,  көркем  сөз  зергерлері  мен  тілші-

ғалымдар  түркі  тіліндегі  көркем  əдебиеттің  шарықтап,  өсіп-өркендеуіне  мол  үлес 

қосты. Бұл кезеңде Орта Азия мен Қазақстанда Əбу Насыр əл-Фараби, Əбу Əли ибн 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



18 

Сина,  Əбу  Райхан  Бируни,  Жүсіп  Балсағұни,  Махмуд  Қашқари,  Ахмед  Йүгінеки 

сияқты  есімдері  əлемге  əйгілі  ғалымдар  өмір  сүрді.  Бұл  оқымыстылар  медицина, 

математика, астрономия, тарих, тіл білімі, əдебиеттану, сияқты ғылым салаларының 

дамуына айтарлықтай мол үлестерін қосты.  

 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ə. Назарбаев тамырын сонау тереңге 

жіберген халқымыздың асыл мұраларына биік баға бере отырып: «...Осынау апайтөс 

даланы  ежелден  мекен  етіп  келе  жатқан  халқымыздың  тарихи  тамыры  тым тереңде 

жатыр. Оның өзіндік терең танымы, қалыптасқан халықтық салт-дəстүрі, өркендеген 

зор мəдениеті бар. Беймəлімі көп көне ғасырлар қойнауына үңілмей-ақ бергі, тарихқа 

танымал Түрік қағанаты заманынан түйдегімен жеткен тарихи-мəдени жəдігерлердің 

үлкен  шоғырының  өзі-ақ  əлем  алдындағы  түрік  өркениетін  айғақтар  төлқұжаты 

іспеттес.  Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтты  білігі»,  Махмұт  Қашқаридің  «Түрік  сөздігі», 

Қожа  Ахмет  Йассауидің  «Даналық  кітабы»,  Ахмет  Йүгінекидің  «Ақиқат  сыйы» 

секілді ұлы шығармалары, əлемнің екінші ұстазы атанған Əбунасыр Фарабидің бұған 

дейінгі  біршама  игерілген  ғажайып  мұралары  тұғырлы  тарихтың,  ұлы  мəдениеттің, 

мол  біліктің  мəңгілік  мəуесіндей» – деп,  бұл  жəдігерліктердің  жаңа  заман  адамын 

тəрбиелеудегі үлесінің зор болмағына баса назар аударған еді [4. 2-б.]. 

 Қараханид  дəуіріне  қатысты  қаралып  жүрген  ескерткіштердің  бірі  –Ахмед 

Йүгінекидің "һибат-ул хақайиқ" (Ақиқат сыйы) атты дастаны.  

 Дастанның  соңына  тіркелген  өзге  ақындардың  өлеңдеріне  қарағанда  Түркістан 

шаһараның  күнбатысында  көне  Жүйнек  қаласында  дүиеге  келген  «Ақындардың 

ақыны,  Гауһардан  сөз  терген»  Ахмед  Йүгінеки  өзінің  атақты  «Хибат-ул  хақайиқ» 

дастанымен даңқы шарықтады. Көнеден жеткен деректерге қарасақ ақынның көзі туа 

көрмейтін  зағип  екенін,  өзінің  ізденімпаздығының  арқасында,  түркі,  араб  тілін 

меңгерген өз заманының ең бір алғыр білмпазы болғанын білеміз.  

 Зерттеушілер  ақынның  дүниеге  келген  уақыты  мен  қайтыс  болған  жылын  дəл 

айта алмайды. Ақынның өзі жөнінде мағлұмат өте аз сақталған. 

Кейбір зерттеушілердің жобалауынша дастан XII ғасырдың аяғы, ХШ ғасырдың 

бас кезінде жазылған. Алайда кейінгі зерттеулер нəтижесі жəдігерліктің XII ғасырда 

пайда болғанын айғақтайды.  

Жоғарыда  сөз  етілген  «Һибат-ул  хақайиқ» (Ақиқат  сыйы)  ескерткіші  біздің 

заманымызға  алты  вариантта  келіп  жетті,  бірақ  оның  екеуі  əр  түрлі  себептермен 

жоғалып кетсе, біреуі небары бір-ақ парақ қағаз. 

 Ахмед Йүгінеки кітаптың негізгі бөлімінде білімділіктің пайдасы, надандықтың 

зияны дəлелденеді, аузына келгенін сөйлей салған кісінің көп опық жейтінін, аузын 

бакқанның  жөн  екенін,  өтірік  пен  шынның  қандай  айырмасы  бар  екендігін 

түсіндіреді;  бұл  дүниенің  опасыздығы,  тұрақсыздығы,  баянсыздығы  əңгімеленеді; 

сараңдықтан сақтандырып, жомарттыққа үндейді; тəкаппарлық пен кішіпейілділіктің 

сырын  ашып  береді;  дүниеқоңыз,  ашкөз  адамдардың  жиіркенішті  қылықтарын 

баяндап,  одан  аулақ  болуға  шақырады;  адамгершілік,  адалдық,  қарапайымдылық 

сияқты  қасиеттерді  бойға  сіңіруді  үгіттейді;  ең  соңында  қоғамдық  өмірдің 

бұзылғандығына  қынжылғандық  білдіреді;  ақын  үлгі-өнеге,  ақыл-кеңеске  толы 

кітабының аяқталғанын айта келіп, өзінің көзінің əз екендігін, артында атын қалдыру 

үшін түркі тілінде осы кітапты жазғандығын ескертеді. Құран тілі болып есептелетін 

араб,  парсы  тілінде  шығарма  жазу  сол  кездегі  əдеби  дəстүр  блаты.  Бұл  əдеби 

жəдігерлік сол сан ғасрлық əдеби дəстүрді бұзып түркі тілінде жазылған шығарма.  

Кітаптың  соңына  белгісіз  ақын  мен  əмір  Сейфаддиннің  төрт-төрт  жолдан  сегіз 

жолдық  өлеңі,  ХV  ғасырдағы  Батыс  Түркістан  билеушілерінің  бірі  Арслан  Хожа 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



19 

Тарханның  атынан  жиырма  жолдық  өлең  тіркелген.  Бұларда  ақын  Ахмед  Йүгінеки 

туралы азын-аулақ мағлұмат айтылады. 

Ғылымға "Һибат–ул хақайиқтың" алты нұсқасы белгілі [5, 20-39 б.] 

Бірінші  нұсқа  (А)  Стамбул  қаласындағы  Айа-София  кітапханасында 4012 

номермен  сақтаулы.  Мұны  Самарқантта  белгілі  каллиграф  Зейнул-Абидин  бин 

Султан  Бахт  Джурджаний  Хусейни 1444 жылы  ұйғыр  жазуымен  көшірген.  Бұл 

көшірме  ескерткіштің  біздің  заманымызға  келіп  жеткен  нұсқаларының  ең  ескісі 

болып  есептеледі.  Сырты  былғарымен  қапталып,  өз  алдына  жекеше  кітапша  болып 

түптелген.  Өте  сапалы  қағазға  жан-жағы  əшекейленіп,  ұқыпты  көшірілген. 

Тақырыптары,  мысалға  келтірілген  аят,  хадис,  бəйіттер  араб  тілінде  араб  жазуымен 

берілген. Көшірменің бір беті жоғалған. 

Екінші  нұсқа  (Ə)  да  Стамбул  қаласындағы  Айа-София  кітапханасында 4757 

номермен  сақталады.  Мұны  аталған  қалада  Шейхзада  Абдур-Раззақ  бахши 1480 

жылы  көшірген.  Үлкен  бір  жинақтың  бас  жағына  түптелген.  Сыртқы  құрылысы  А 

нұсқасына 

ұқсайды, 

бірақ 


ұйғыр 

жазуы 


жолма-жол 

араб 


жазуымен 

транскрипцияланған. Соңында екі жол бəйіт қалып кеткені болмаса, ең толық нұсқа. 

Үшінші  нұсқа  (Б)  бірыңғай  араб  жазуымен  көшірілген  (Біз  осы  нұсқа  негізінде 

кешенді  зерттеу  жүргізіп  отырмыз).  Бұл  да  Стамбулдың  Топ-Қапы  сарайындағы 

кітапханада 35552 номермен  бір  жинақтың  арасында  сақталады.  Қашан,  қай  жерде, 

кім көшіргені белгісіз. Бұл нұсқада небары 18 жол бəйіт қалып кеткен. Ғалымдардың 

жобалауынша, XIV ғасырдың аяғында яки XV ғасырдың басында көшірілген. 

Төртінші  нұсқа  (В)  Узункөпрү  де  Сейіт  Али  деген  кісінің  жеке  кітапханасынан 

табылып, Анкара кітапханасына табыс етілген. Бірақ кейіннен жоғалып кеткен. Бұл 

нұсқа жайында жекелеген зерттеушілердің бірен-саран мақаласы ғана бар. 

Бесінші  нұсқа  (Г)  Анкарадағы  Маариф  кітапханасынан  табылған.  Араттың 

айтуына  қарағанда,  бұл  нұсқаның  төрт-ақ  беті  сақталып,  өзгесі  жоғалып  кеткен. 

Мұнда  белгілі  бір  жүйелілік  сақталмаған,  ұйғыр  əліппесінің  ара-арасына  "Һибат-ул 

хақайиқтан" үзінділер келтірілген. 

Алтыншы  нұсқа  (Ғ)  Берлиндегі  Пруссия  Ғылым  академиясыңда  Т.І.ТМ 287 

шифрмен  ұйғырша  жазбалар  арасында  сақталған  бір-ақ  парақ  қағаз.  Үзінді  ұйғыр 

жазуымен көшірілген. 

Бұлардың ішінде алғашқы үш нүсқаның ғылыми құндылығы жоғары. 

"Һибат-ул хақайиқ" дастаны дүниежүзі түрколог ғалымдары тарапынан біршама 

дəрежеде зерттелген. Бұл ескерткішті ғылым дүниесіне алғаш танытқан түрік ғалымы 

Неджип  Асым.  Бұдан  кейін  оған  М.  Көпрүлү,  В.  Радлов,  Т.  Ковальский,  Й.  Дени 

ерекше көңіл бөліп, Қараханид дəуірінің аса бағалы мұрасы ретінде бірнеше ғылыми 

мақалалар жазған [5, 2-3 б.] 

Ахмет Йүгінекидің аталған дастанның зерттелу барысында түрік ғалымы Рашит 

Рахмати  Араттың  еңбегі  өте  зор.  Ол  біз  жоғарыда  санамалап  өткен  нұсқалардың 

кітапханаларда сақталған мəтіндерінің суретке түсірілген көшірмесін (факсимилесін) 

тұтасынан жинақтап кітабының соңына қосымша ретінде берген.  

 Сөйтіп, біздің заманымызға Ахмед Йүгінекидің өз дəуірінде жасалған бірде-бір 

көшірме  келіп  жетпеген.  Жоғарыда  аталған  нұсқалардың  барлығы  Арслан  Хожа 

Тархан  өңдеткен  варианттың  көшірмелері.  Бұдан  мынадай  қорытынды  жасауға 

болады: қайтадан өңделгенде ХV ғасырдағы шағатай тілінің элементтері ескерткішке 

еніп  кеткен.  Одан  кейінгі  көшірмешілер  де  өз  тарапынан  азын-аулақ  "өзгерістер" 

енгізген. Міне, осыдан келіп "Һибат-ул хақайықта" кейінгі заманның тіл элементтері 

араласқан. Бірқатар зерттеушілердің бұл ескерткішті қараханид əдебиеті мен шағатай 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



20 

əдебиетінің  аралығында  көпірлік  қызмет  атқарады  деп  есептеуіне  де 

көшірмешілердің осы редакциялық өзгертулері негіз болса керек.  

Р.  Арат  өзге  ғалымдардың  пікіріне  қосылып,  ескерткіш  ХП  ғасырдың  аяғы 

немесе  ХШ  ғасырдың  басында  дүниеге  келген  деп  есептейді.  Ал  С.Е.  Малов 

шамамен Х ғасырда жазылған болуы керек деп жорамалдайды [6,321- б.].  

"Һибат-ул  хақайиқта"  араб  пен  парсы  элементтері,  сөз  орамдары  "Құтадғу 

билигке"  қарағанда  көбірек.  Яғни  бұл XI ғасырдан  кейін  болған  құбылыс.  Егер  біз 

"Һибат-ул  хақайиқты"  ХШ-ХІV  ғасыр  ескерткіштерімен  салыстырсақ,  керісінше, 

онда  араб  жəне  парсы  элементтері  əлдеқайда  аз  екенін  байқаймыз.  Оның  үстіне 

"Һибат-ул хақайиқтағы" біраз архаизмдік ерекшеліктер ХШ-ХІV ғасыр ескерткіштері 

түгіл XI ғасырда  жазылған  "Қутадғу  билиг"  пен  "Дивану  луғат  ит-туркте"  де 

кездеспейді.  Бұл  фактілер  ескерткіштің  жазылу  кезеңі  ілгеріде  деп  айтуымызға 

мүмкіндік  береді.  Мына  бір  фактіні  де  ескерген  жөн.  Ахмед  Йүгінеки  өзінің 

дастанында  қоғамдық  өмірдің  аза  бастағанын,  діннің  бұзылғанын  қынжыла 

баяндайды.  Бұл  Қараханид  мемлекетінің  ыдырап,  бытыраңқылыкқа  ұшырап,  қара 

киданьдарға  бағынатын  кезеңінің  алды  емес  пе  екен?  Азған  елді  басып  алу  оңай. 

Қара киданьдар 1137-1216 жылдардың аралығында Орта жəне Орталық Азияға, оның 

ішінде  қараханидтерге  толық  билік  жүргізген.  Егер  жоғарыда  келтірілген  пікірлер 

дұрыс  болса, "Һибат-ул  хақайиқ"  ХП  ғасырдың  аяғында  емес,  тіпті  бас  кезінде 

жазылуы мүмкін. [5.]. 

А.М.  Щербак  Шығыс  Түркістанның X-ХШ  ғасырлардағы  жазба  мұраларының 

тілі  жөнінде  грамматикалық  очерк  жазған.  Мұнда  өте  құнды  ғылыми  пікірлер 

айтылып,  келелі  тұжырымдар  келтіріледі.  Жүйелі  болмағанымен  "Һибат-ул 

хақайыққа" да қатысты жерлер баршылық [7.]. 

"Һибат-ул  хақайиққа"  совет  ғалымдары  да  "назар  аударған.  Е.Э.  Бертельс,  С.Е. 

Малов,  Э.Н.  Наджип,  Ə.  Құрышжанов  аталған  ескерткіштен  азын-аулақ  үзінділер 

жариялап, біршама мағлұмат берген, зерттелу барысын сипаттап жазған.  

 Ахмед  Йүгінекий  дастанын  ғылыми  жұртшылыққа  танытқан  ғалымдардың 

ішінде  бұл  ескерткішпен  арнайы  шұғылданғандар – Н.  Асым,  Р.  Арат  жəне  Қ. 

Махмудов 

Өзбек  ғалымы  Қ.  Махмудов  «Һибат-ул  хақайиқ»  дастанымен  арнайы 

шұғылданып,  осы  ескерткіштің  материалдары  негізінде  кандидаттық  диссертация 

қорғады. 

Қ 

Махмудовтың 



бұл 

еңбегінде 

ескерткіштің 

фонетикасына, 

морфологиясына  сипаттама  берілген.  Мəтін  араб  жазуымен  транслитерацияланған 

жəне өзбекше аудармасы жасалған [8.]. 

Ескерткіштің қысқаша зерттелу тарихы міне осындай.  

Неджип  Асымның  "һибат-ул  хақайиқты"  бірінші  танытушы  ретінде  ғылыми 

еңбегі  өте  зор.  Алайда  оның  зерттеулерінде  елеулі  кемшіліктер  мен  олқылықтар 

болғанын  түрколог  ғалымдар  бір  ауыздан  ескертеді.  Мысалы,  Ə.Н.  Наджип  былай 

деп  жазады: "Издание  Неджипа  Асыма  снабжено  соответствующим  научным 

апаратам – словарем  и  грамматическим  очерком,  но  оно  не  лишено  недостатков 

научного  и  технического  порядка.  Допущенные  в  нем  ошибки  объясняются  в 

основном  тем,  что  издание  этого  списка  было  осуществлено  тогда,  когда  другие 

списки оставались неизвестными» [5, 13 –14-б.] 

Түркияда  Р.  Араттың,  Совет  Одағында  Қ.  Махмудовтың  "һибат-ул  хақайиққа" 

қайта оралуы да осы себептен. Дүниежүзі əдеби жұртшылығы үшін баға жетпес бұл 

ғажайып  туындыны  қазақ  жұртшылығына  ескі  түркі  тілінен  аударып,  таныстырған 

ф.ғ.д.,  белгілі  ғалым-профессор  Берікбай  Сағындықұлы. 1985 жылы  ғалымның 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



21 

аудармасымен,  алғы  сөзімен,  түсініктемесімен  «Ақиқат  сый»  деген  атпен  басылып 

шықты. Б.Сағындықұлының қазақ ғылыми жұртшылығы үшін сіңірген еңбегі ұшан-

теңіз.  


 Өз  зерттеулерінде  ғылым  əлеміндегі  зерттеушілер  еңбегінен  қандай 

айырмашылықтары бар екеніне тоқталады. 

Ғалым "һибат-ул хақайықтың" араб жазуымен жазылған Б нұсқасын бірінші рет 

ғылыми  ақпаратпен  толық  жабдықтай  отырып,  қолжазбаны  ғылыми  айналымға 

түсіреді.  Бұл  тұрғыда  Р.  Арат  А  нұсқасын,  Н.  Асым  мен  Қ.  Махмудов  Ə  нұсқасын 

басшылыққа  ала  отырып,  ескерткіштерді  тарихи-салыстырмалы  əдіспен  зерттеп, 

текстолгиялық жағынан салыстыру үшін барлық нұсқаларын жариялайды. [5.]. 

Ғалымның өз сөзін келтірсек: 

 Бір  ескерткіштің  бір  нұсқасы  мен  екінші  нұсқасының  арасында  көп  болсын,  аз 

болсын  бір  қатар  айырмашылық  болатыны  ғылыми  жұртшылыққа  белгілі.  Осы 

себептен  де  тарихи  жазба  ескерткіштердің  əртүрлі  нұсқалары  бірнеше  зерттеушінің 

назарына  ілігіп  жүр.  Мысалға,  Хорезмидің  "Мухаббат  намесінің"  ұйғыр  жазуымен 

көшірілген вариантын А.М. Щербак зерттесе, араб жазуымен көшірілген вариантын 

Э.Н. Наджип зерттеген. 



«....Р.  Арат  А  нұсқасын  транскрипциялағанда  ғылыми  принцип  ұстанбаған. 

Осылай  болуы  ықтимал  деген  жорамалмен  А,Ə,Б  нұсқаларының  үшеуінде  де 

кездеспейтін  сөздерді,  фонетикалық,  грамматикалық  өзгешеліктерді  (яғни  өз 

жанынан  шығарған  элементтерді)  транскрипциялаған  мəтініне  енгізіп  жіберген. 

Оның үстіне А нұсқасында жоқ, бірақ Ə, Б нұсқасында бар сөздерді, тіпті толық 

мəтіндерді ешқандай сілтеме жасамай қоса салған. Осыдан келіп бұл транскрипция 

мəтіні  бірде-бір  нұсқаға  сəйкес  келмей  қалған.  Мұның  басқа  зерттеушілер  үшін 

методикалық  зияны  үлкен.  Сондықтан  біз  дүние  жүзіне  белгілі,  көрнекті 

ғалымдардың  принципін  ұстанып,  мəтінге  ешқандай  өзгерту  енгізгеніміз  жоқ. 

Түпнұсқа қалай болса, солай транскрипцияланды. 

Р.  Арат  ескерткіштің  түрікше  сөздігін  жасаған.  Алайда  əр  сөз  сөзбе-сөз 

аударылған да ескерткіштен мысал-мəтін – иллюстрация келтірілмеген. Сөздің сан 

алуан  мағыналары,  реңктері  болатыны  белгілі.  Бұл  сөздік  бойынша  оны  айыру 

мүмкін емес. 

Ал Қ. Махмудов өзі сөздік жасамаған, Н. Асымның сөздігін өзбек тіліне аударып 

бере салған. Ал Н. Асымның сөздігінде лайықсыз көп сөздер қалып кеткен, сандаған 

сөздердің мағынасы ашылмаған. 

Осы  жоғарыдағы  кемшіліктерге  байланысты  "һибат-ул  хақайиқтың"  толық 

сөздігін  жасауды  қажет  деп  таптық.  Зерттеушілердің,  түркологиямен 

əуестенушілердің  пайдалануына  жеңіл  болу  үшін  ескерткіштің  түркіше-қазақша 

сөздігін бір бөлек, араб жəне парсы элементтерінің қазақша аудармасын бір бөлек 

жарияладық». [5] 

 Тарихи  жазба  ескерткіштердің  қай-қайсысы  да  өз  деңгейінде  жан-жақты 

зерттелмегендіктен,  олардың  тіліне  түрколог  ғалымдар  тарапынан  осы  кезге  дейін 

дəл  ғылыми  анықтама  бере  алмай  келеді.  Мысалы,  Қарахан  мемлекетінің  ғылым 

əлеміне  кеңінен  танымал  ескерткіштері - "Диван-у  луғат-ит  турк"  пен  "Қутадғу 

билиг" əулеттік (дистанциялық) қатысына қарай - хақан, боғрахан тілінде, тайпалық 

қатысына  қарай – қарлұқ  тілінде,  тарихи-мəдени  белгісіне,  жазба-əдеби  дəстүріне 

қарай  қарлұқ-ұйғыр  тілінде  жазылған  деп  есептелінеді.  Атышулы  зерттеуші  А.Н. 

Самойлович ХІ-ХVІ ғасырларда Орта Азияда пайда болған бүкіл түркі ескерткіштері 

бір əдеби дəстүрде, бір əдеби тілде хатқа түскен деп мəлімдеген [9.]. Бұған керісінше, 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



22 

белгілі түрколог Əмір Нəжіп бір ғана XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жарық 

көрген жазба мұраларды бірнеше əдеби тілде: 1) ескі түрікмен əдеби тілінде, 2) оғыз-

қыпшақ əдеби тілінде, 3) қыпшақ-оғыз əдеби тілінде жарық көрген деп санайды. 



Дəл  қазір  түркологтар  арасында  "Махмуд  Қашқаридің  "Диван-у  луғат-ит 

турк", Жүсіп Баласағұнидің "Қутадғу билиг", Ахмед Йүгінекидің "Һибат-ул хақайиқ" 

ескерткіштері  қарлұқ-ұйғыр  тілінде  жазылған"  деген  пікір  үстем.  Біздің  ұзақ 

жылдар  бойына  жүргізген  зерттеулеріміз  бұл  пікірдің  қате  екендігін  көрсетіп 

отыр.  Біріншіден,  аты  əлемге  əйгілі  академик-тарихшы  В.В.  Бартольд  былай  деп 

анық жазады: "... не подлежит сомнению, что подданные караханидов не называли 

себя уйгурами и что для Юсуфа Баласагунского язык, на котором он писал, не был 

уйгурским" [10]. Бұл  сөз  аталған  үш  жəдігерліктің  үшеуіне  де  ортақ.  Қарахан 

дəуіріндегі  əдебиет  пен  ғылым  туындыларын  "ұйғыр  тілінде  жазылған"  деп  тану 

шындыққа  жанаспайды.  Бұл  жерде  көптеген  ескерткіштерді  ешқандай  дəлелсіз 

ұйғырлар  мен  өзбектерге  таңудың  əділетсіздік  екенін  айта  кеткелі  отырмыз. 

Екіншіден, "қарлуқ"  деген  сөз  тарихшылардың  дəлелдеуінше,  белгілі  бір  тайпаның 

аты  емес,  дерексіз  жалпы  есім.  Бірнеше  этностың  жинақ  атауышы.  Шамалап 

айтқанда, "Қарлы таудың төңірегінде тұрушылар" деген мағынада жұмсалады. 

 Дұрысы,  əр  нəрсені  өз  атымен  атаған  орынды.  ХІ-ХVІ  ғасырлар  аралығында 

халық  арасында  тараған  жазба  əдебиеттің  кез  келген  үлгісін  Көне  түркі  əдеби 

тілінде  жазылған  деп  есептесек,  қателеспейміз. "Көне  əдеби  тіл"  деген  түсінікке 

қазіргі  əдеби  тіл  ұғымы  тұрғысынан  келу  қисынсыз.  Мəселе  ертеректе  бір  əдеби 

дəстүрдің, бір əдеби тілдің əр түрлі аймақта, əр түрлі кезеңде сан алуан рең алып, 

өз  ерекшеліктерімен  көрінуінде.  Нақтырақ  айтқанда,  көне  түркі  əдеби  тілінің 

бірнеше  тармақтары  немесе  варианттары  болды.  Мысалы,  оғыз-қыпшақ,  көне 

түрікмен,  көне  өзбек,  қыпшақ-оғыз  т.б.  əдеби  тілі  деп  жүргеніміз  Еділ  өзені 

бойында,  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  қалыптасқан  көне  түркі  əдеби  тілінің  əр 

түрлі  тармақтары  немесе  көріністері.  Олардың  қай-қайсысының  да  диалектілік 

негізі - белгілі  бір  тайпаның  тілі.  Біз  əңгімелеп  отырған  Қарахан  мемлекетінің 

əдебиетіне  қай  тайпаның  тілі  диалектілік  ұйтқы  болған?  Біздіңше,  арғу,  чығыл 

(чігіл)  тайпалары.  Мұны  атышулы  Махмуд  Қашғаридің  мəліметіне  сүйеніп  айтып 

отырмыз.  Ол  өзінің  сөздігінде  көптеген  сөздердің  тұсына  лексикалық  белгі  қойып, 

қай  тайпа  тіліне  қатысты  екендігін,  яғни  сол  тайпадан  өзге  тайпаларда 

кездеспейтіндігін  көрсетіп  отырған.  Қарахан  əдебиетінде  жиі  жəне  жаппай 

қолданылатын  бірқатар  сөздердің  арғу,  чығыл  тайпаларының  сөзі  екендігі 

қалтқысыз дəлелденіледі. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер 

1.

 

Қазақ совет энциклопедиясы. Қазақстан баспасы. Алматы. 1979 ж. 



2.

 

 Н. Келімбетов.Ежелгі дəуір əдебиеті. Алматы. 2000 ж.  



3.

 

М. Орынбеков. Қазақ даласының ойшылдары. Алматы, Ғылым.1995ж 



4.

 

Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, Хант 1997 ж. 



5.

 

Б.  Сағындықұлы.  Һибат-ул  хақайиқ XIIғасыр  ескерткіші.  Алматы,  Қазақ 



университеті 2002 ж. 

6.

 



С.Е.  Малов.  Памятники  древнетюркской  письменности.  Москва-Ленинград. 

1951 г. 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



23 

7.

 



А.М.  Щербак.  Грамматический  очерк  языка  тюркских  текстов X-XIII вв.из 

восточного  Туркестана.  Издательство  Академии  Наук  СССР.  Москва-Ленинград. 

1961 г. 

8.

 



Қ.  Махмудов.  Ахмад  Югнакийниг  «Хибатул  хақойиқ»  асари  хақида. «Фан» 

наширети. Тошкент, 1972. 

Самойлович  А.Н.  К  истории  литературного  среднеазиатского  турецкого  языка.  Сб. 

«Мир Али Шир» Л., 1928. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет