Kundelik.kz туралы
«Бүгінгі таңда Қазақстанда «Kүнделік» жүйесінің электронды журналдарын 3800 мектептен астам пайдаланып жатыр. Жоба 13 облыста және Астана мен Алматыда істеп жатыр.
«Kүнделік» жүйесіне Республиканың кез-келген мектебі, ауыл және қала мектептері, кез-келген уақытта тегін қосылу мүмкін, қосылған мектептердің оқушылары және олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және тағы да басқа пайдалы ақпаратты тегін көріп отырады.
Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2016ж. №536 бұйрығымен іске қосылған («Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы).
Күнделік kz мүмкіндіктері
-ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы,жылдам əрі ұтқыр.
-Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.
-Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады. Бұл парақшада:
-Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз;
-Күн сайынғы қызықты деректер;
-Еліміздегі айтулы жаңалықтар;
-Мамандардан кеңес;
Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі
Мектеп психологының айтуынша, мұндай сапасыз өнімдер баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп, оның сабақты оқуға деген қабілетін төмендетеді екен. Көптеген мектеп оқушылары отандық өнімдерімізді тұтыну үшін белсенділік танытып отыр. Мектебімізде өз елімізде шыққан сапалы, ішкі мазмұнына сыртқы безендірулері сай келетін күнделіктерді пайдалана бастады. Оларды да салыстырып бақыладым.
Оқушының білім жетістігін, тәртібінің нәтижесін көрсететін және ата-анамен байланыс жасауға көмектесетін күнделік бүгінгі күні қалай өзгерді? Таныс болыңыздар: жаңа форматтағы, заман талабына сай –« kundelik.kz».
Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері
Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ендеше оларды қарастырайық:
Ата-ананың мүмкіндіктері:
Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды.
Оқушының мүмкіндіктері:
«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері.
Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.
Мұғалімнің мүмкіндіктері:
1)Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. Құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.
2)Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.
3)Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.
«Электронды күнделіктің» артықшылығы мен кемшілігі қандай?
Мемлекет үшін:
– білім саласындағы жаңа басқару әдістерінің пайда болуы;
– бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
– білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын арттыру.
Ата-аналар үшін:
– ата-анасының баланың оқу процесіне қатысуы;
– баланың жетістіктері туралы қашықтықтан хабардар ету арқылы
ата-аналарға тиімді жағдай жасалуы;
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін:
– оқушылардың үлгерім журналдары мен күнделіктерін тұрақты электронды түрдегі жүргізуге көшу;
– білім беру ұйымында білім беру қызметін бақылаудың жаңа құралдарының пайда болуы.
Оқушылар үшін:
– Ауыл мен қала оқушыларына сапалы білімге тең қол жеткізу;
– білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізу;
Достарыңызбен бөлісу: |