Абу: Иа әрине биылғы қыс бізге де жайлы болды!
Заңғар: Ал олай болса ат терлетіп алыс жолдан келдіңдер шаршаған шығарсыңдар астан алып отырыңдар!
Макс: Айсұлу онда қонақтарға мерекелік тағам Наурыз көжеден алып кел!
Осы кезде Айсұлулар наурыз көжені алып келеді
Арыстан: Ал онда астан алмас бұрын осы шаңырақтың иесі дастарханға БИССЬМИЛЛЯХ деп батаңды беріп жібер!
Абу: Бата береді!
Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!
Астарыңыз дәмді боп,
Көңілдеріңіз жайлансын!
Сіңімді болып асыңыз,
Ұрттарыңыз майлансын!
Шаңыраққа құт еніп,
Қиындықтар болмасын!
Бақ-береке бір келіп,
Қуаныш тапсын жалғасын!
Өмірлеріңіз жайлы боп,
Қанаттарыңыз талмасын!
Алла өзі жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Шырайлы, шаттық күнің боп,
Сәттілік тапсын жалғасын!
Дендерің сау, аман боп,
Ару-сырқау болмасын!
Әрбір үйді әрдайым,
Жаратқан ием қолдасын!
Әумин!
Осы кезде тамақ ішіп отырып әңгіме айтылады
Макс: Осы ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамында ауыл үлкендері мейрамды тойлап кеткенде, ауыл жастары бастанғы жасаймыз деп шешім қабылдап сендерді қадірлі қонақ етіп шақырдық, сөзімізді жерге тастамай қабыл алып келіп отырғандарына көптен көп рахмет!
Нұрбол: әрине, шақырған жерден қалмайдғой қазақ, керісінше елеп ескеріп қадірлеп шақырып отырғандарына сендерге рахмет
Ауылмен ауыл аралас құралас болғанға не жетсін.
Ал енді отырысымыз қыза түссін. Өздеріннен кәде сый болса
Арамызда арғын руынан шыққан арғы Тәттімбет пен Құрманғазыдай асылдың сынығы, солардың ізін жалғастырушы Арыстан дейтін жігітіміз отыр. Кәде сый осы жігіттен болсын
Арыстан: әкел ана қара домбыраны
Шап беу
Арыстан күй тартады
Пах шіркін! Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші домбыра үнін естігенде әрбір қазақтың арқасы шымырлайды ғой шіркін!
Достарыңызбен бөлісу: |