Куратор: Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Наурыз мерекесі құтты болсын



бет1/5
Дата12.03.2022
өлшемі23,45 Kb.
#27684
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сценарий


Куратор: Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады! Соған орай, бүгінгі Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасындағы ГД-19-3 тобының «Қош келдің – әз Наурыз» атты ашық сабағын бастауға рұқсат етіңіздер!
1- Жүргізуші

Ассалаумағалейкум халқым менің,

Алдымен амандасу салтым менің демекші

Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және құрметті студенттер!


2 –Жүргізуші

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні

Қиядағы естілген Қыдыр үні

Ынтымағы жарасқан ұлы елімнің

Жарқырасын мәңгілік бақ жұлдызы

Құрметті қонақтар!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ашық сабағымызға
Бірге: Қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Сіздерді жалпыхалықтық көктем – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз ежелгі дәуірлерден бастап Ұлыстың ұлы күні - табиғат пен адам рухының жаңаруы, бірлесу мен өзара көмек күні ретінде аталып өтеді. Адамның рухани жаңғыруы Жаңа жылдың бастауы Наурыз мерекесімен де тығыз байланысты.
2-жүргізуші: Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте біздің дайындаған бейне роликке назар аударыңыздар!
Бейне ролик 13:08
1-жүргізуші:

Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

Амал күні қазағым көріседі

Көрісу, бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп


2-жүргізуші: 14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.


1-жүргізуші: Біздің Қарабұлақ ауылымызда үлкендер кетіп, ауыл жастары болып «Бастандық» жасамақшымыз. Сіздер де тамашалап, қызықтап отырыңыздар!
2-жүргізуші: Ия Заңғар, онда тезірек барайық, қонақтардың да келіп қалатын уақыты болды
1-жүргізуші: кеттік онда
Көрініс:

Жергілікті ауылдікілер:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет