Курс : 1 курс Тобы: Арнайы педагогика 101 топ Орындаған



Дата30.04.2023
өлшемі38,54 Kb.
#88513

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы: Ана деген ұлы есім ғой, ұлы есім
Курс : 1 курс
Тобы: Арнайы педагогика 101 топ
Орындаған: Ақсейтімова Мереке
Телефон нөмірі : 87767719499
Электрондық почтасы : mereke.akseitimova@mail.ru

Ақтөбе қаласы, 2023ж
Эссе
Ана деген ұлы есім ғой, ұлы есім
Бұл өмірде өзі аш болсада, қолындағы соңғы нанын баласына беретін жан ол ана. Дүниедегі жалғыз шексіз махаббат- ана махаббаты. Ана әр бала үшін өте ерекше және маңызды тұлға. Расында, ол Алланың кез келген адамға берген ең қымбат сыйы. Осы үш әріптен құралған "ана" деген сөзді барлық әлемге қарап тұрып дауыстап айғайлағым келеді. Өйткені әлемнің қаншама сөзі бұл ана деген сөздің орнын баса алмайды. " Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекер айтылмаған. Ана тек балалардың тәрбиесін мойнына алып қоймай, қоғамда да ер адамдармен бірге жұмыс атқарады. Сондықтан аналардың мойнында осындай үлкен жауапкершілік тұр. Ана баласының сырласы, досы, ата-анасы, жол көрсетушісі және ұстазы. Ол бүкіл отбасына қамқорлық жасайды және өзінің махаббатымен барлығын баурап алады. Ана балаларын барынша қамқорлықпен, жанашырлықпен және сүйіспеншілікпен тәрбиелейді. Ана деген сөздің өзі бізге эмоция әкеледі және әрбір бала анасына өте эмоционалды түрде байланысты. Бала дүниеге келгеннен бастап, болашақта анасы оған бүкіл өмірін арнайды. Ол оның бойына адамгершілік пен мейірімділіктің ең жақсы қасиеттерін сіңіруге, оны өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеуге тырысады. Ана өз өмірі үшін барлық жамандықты жауып тастайды, баланы қорғауға, нәзіктік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ұмтылады. Аналар өмір бойы сондай. Олар біздің барлық жолымыздың басында тұрып, бізге жақсылық пен бақыт тілейді және кез келген уақытта қолдау көрсетуге дайын. Олар балаларының ел арасында абыройлы өмір сүріп, өз жерінде жақсылық жасауын қалайды. Олар біздің өміріміздегі қиындықтарға ақылмен және шыдамдылықпен төзеді, қандай қиындық болсада көмектеседі және кеңес береді.

Мен үшін анам бұл дүниедегі махаббаттың, адалдықтың, шындықтың, жанашырлықтың символы. Анам мен үшін ерекше жан. Оның орнын ешкімде баса алмайды. Мені 9 ай құрсағында көтеріп, ешкімнен кем қылмай өсірген анамды меккеге үш рет арқалап апарсамда қарызын өтей алмаспын. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өзім деп емес, балам деп шырылдаған анамның алдында құрдай жорғалауға дейін бармын. Оған еш жамандық көрсетпей, тек жақсылық көрсетіп қуантсам бар арманым жоқ. Ана мейірімінен тоя жеген тамақты мен шипасы мол дәріге алмастыра алмаспын. Бұл шипасы күшті дәрі менің еш жерімді емдей алмас, өйткені анам берген тамақ мен үшін ең шипасы мол дәрі. Бұл ғаламда мейірімінен асқан еш мейірім жоқ. Қолындағы барын беріп, жоғына қанағат танытқан ананың жүрегі осыншама мейірімге толы. Неге үйге келгенде ең бірінші анамызды іздейміз? Себебі ана үйдің шырағы. Ол болмаса үй қараңғы. Ал сол қараңғылықты нұрландырып жіберетін жан-ана. Анам мен үшін шабыт. Алғаш көзімді ашқан сәтте бауырына басып, өз құшағына алған анамның шексіз махаббатын сезіндім. Сол сәтте оның қасында өзімді қауіпсіз сезінетінмін . Өйткені мен ең қауіпсіз сезінетін нәрсе - анамның құшағындағы жылу. Ол жылудан ешқашанда айырылғым келмейді. Оның нұрланған жүзі мен күлкісі мен үшін өте ыстық. Анамның менмен балаша ойнайтыны маған қатты ұнайды. Оның бұл жүзін күнде көре бергім келеді. Сол себепті менде одан қалыспай ойнаймын. Өйткені оның осылай күлген сәтін мың рет көру мен үшін арман. Анамды осылай күлдіре білсем, онда менен бақытты адам жоқ шығар. "Жұмақтың кілті ананың табанының астында" демекші мен оған осындай қуаныш сыйлай бергім келеді. Оның мұңайып емес, тек күліп жүргенін қалаймын. Сондықтан мен анамды өте қатты жақсы көремін.


Бізге бар жақсылықты берген анаға не берсең де аздық етеді. Баласы үшін барын беруге әзір жан ол- ана. Ана - үйдің құт берекесі. Барлық әлемнің шуағы. Осы шуаққа жылынып мейірімге бөленген мына біздер анамызды қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Аналарымыз бізге сәби кезімізден өзінің бар махаббатын берді. Бізді мейірімге, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиеледі. Бізге еш жамандық көрсетпей, тек жақсылықта жүруіміз үшін барын берді. Қазақта мынадай керемет сөз бар. "Баланың білегі ауырса , ананың жүрегі ауырады". Дұрыс айтқан, тіпті аяғына кірген тікен жанын жеп ауыртса да, оны бізге білдірмейді. Өйткені біздің қиналғанымызды, уайымдағанымызды қаламайды. Сондықтан асты, үстімізге түсіп бар қалауымызды алып берген ақ жаулықты аналарымызды сыйлап, құрметтейік. Осы алтындай аналарымыздың берген тәрбиесін таптамай, керісінше бойымызға сіңіріп, адал, елге қызмет ететін ұрпақ болып өсіп, ата-анамыздың атына кір келтірмесек, онда жаман адам болмағанымыз. Біз қанша жасқа келсекте, ата-ана үшін әрдайым сәби болып қала береміз. Құран Кәрімде былай делінген ең бірінші жақсылықты аналарыңа істеңдер деген. Сол себепті де ата-анамыздың бізге көрсеткен барлық мейірімін, бізде көрсете білуіміз қажет. Асты, үстімізге түскен ата-анамыздың алдында бізде құрдай жорғалауымыз керек. Өзім ішем, өзім кием деп емес, ата-анам ішсің, ата-анам кисің деп тұруымыз қажет. Бұл біздің балалық парызымыз . Сондықтан бұл жерде айтайын дегенім ана-ананың қадірін өзіміз балалы болғанда түсінеміз. "Анасы бар адам қартаймайды" емес балаң жақсы болса қартаймайсын деген. Сондықтанда аналарымызды аялап, құрметтеп, мейірімге бөлеп,әрдайым жандарынан табыла білейік.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет