Курс – II семестр



бет37/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Жүректің жиырылу циклы


Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жү-рек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.
Жүрек айналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систола-сынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секундтей ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түй-ін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұры-нырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с. б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада бола-ды, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан кан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады.
  1. Қан тамырлары


Қан тамырларының тұйық жүйесінде жүректің жиырылуъ^ сондай-ақ одаи тыс экстракардиялық факторлардьщ əсер етуі* нəтижесінде үздіксіз айналып жүреді.
Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топ-қа бөлінеді.
Қүрылым ерекшеліктерінв байланысты — қолқа, үлкен, орта-ша, кіші артериялар, артериолалар, капиллярлар венула, əр көлем-ді веналар, үлкеи қуысты веналар болып бөлінетіні морфологиялық ғылымдардан белгілі. Қан тамырлар функциялық маңызыңа қа-рай да жіктеледі. Б. Фольковтың жіктеуі бойынша амортизация-лық, резистивтік, сфинктерлі, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дəнекер тамырлар (анастомоз) бо-лып жіктеледі.
Амортизациялық дацғыл-магистральды, қысылідық-компрес-сиялық тамырлар тобына кабырғаларыңда серпімді (майысқақ) талшықтары көп қолқа, өкпе т. б. жуан артериялар жатады. Олар қабырғаларындағы серпімді талшыктар арқасында жүректен си-стола кезінде шығатын қанның уздіксіз ағысын қамтамасыз ете- ді. Мəселен, жүректің сол қарыншасынан систола кезінде шығып, қолқаға құйылған қан қолқа қабырғасын кернеп кеңейтеді. Қол-қа қабырғасындағы созылып үзарған серпімді талшықтар қайта-дан бұрынғы қалпына келуге тырысады да, тамыр ішіндегі қан-ды қысып, қан қысымы төмен жаққа карай ығыстырады. Осының. нəтижесінде қолқадағы қан систола жəне диастола кездерінде уздіксіз толқынға айналып ағып тұрады.
Резистивтік кедергі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапил-лярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады. Еттің жиырылуы-на байланысты артериолалар əбден тарылады, мұнымен қатар капилляр алдындағы жəне капиллярдан кейінгі сфинктер жиы-рылып қан ағысына қатты кедергі болады. Капиллярлар мен жі-ңішке венулалар көптеген жіңішке түтікшелерге айналады, сайып келгенде бұлар да қан ағысына əжептəуір кедергі жасай алады.
Сфинктерлі тамырлар қатарына өн бойында сақина тəрізді ет талшықтары бар, сондай-ақ сфинктер құраған артериолалар мен прекапиллярлар жатады. Бұлардың жиырылып-жазылуы нəтиже-сінде капиллярлардағы қан айналысы реттеледі.
Зат алмасу тамырлары қатарына капилляр венулалар жатады. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бір-ақ қабат эндо-телийден түрады, сондықтан да сұйықтықтар меи ерітінділер, ко-ректік заттар каннан тканьге, тканьнен қанға диффузия, сүзгі ар-қылы өтеді.
Артериолалар мен венулаларды жалғастыратын көпірше та-мырдық бас жағында сфинктер болады. Ол жиырылса, кепірше 188
тамырдан қан өтпейді, барлық қан капиллярлар арқылы өтеді. дл сфинктер босаңсыса, қан көпірше тамыр арқылы артериоладаге венулаға өтіп венадағы қан ағысын тездетеді.
Қөлемді əрі сыйымды тамырлар капиллярлардан кейінгі өте усак вена тамырларынан тұрады. Кейбір ағзаларда (көкбауыр„ 5ауыр т. т.) венулалар кеңейіп синустар (қуыстар) құрады. Вену-ла қабырғасы жұқа, əрі созылғыш келеді. Веналар саны артери-ялардан көбірек. Вена кеңейсе, оларда бар қанның 70—80%, сыйып, кетер еді. Сондықтан да бұл тамырлар көлемді, сыйымды тамыр-лар деп аталады. Жүрекке келіп құйылатын қан көлемі осы сый-ымды тамырлардың тонусына байланысты. Веналар жұқа болса да, ол жиырылғанда жүрекке құйылатын қан көлемі көп артады. Жүрек пен тамыр жүйесін Б. М. Ткаченко олардың орындайтын қызметіне орай 8 топқа жіктейді (1985 ж.):

  1. Жүрек тамырлардағы қан қысымын кетеріп, қолқа мен екпе артерияларына қан айдайтын — генератор.

  2. Қысымы жоғары не магистральды-даңғыл тамырлар. Бұлар қан қысымын жоғары деңгейде сақтайтын қолқа, оның бұтақ-тары (үлкен артериялар, өкпе артериялары), қарыншалардан систола уақытында ауық-ауық шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз ететін майысқақ тамырлар.

  3. Қан ағысына кедергі жасайтын резистивтік тамырлар. Бұ-лар екіге белінеді: а) қысым тұрақтылығын сақтайтын үсақ арте-риялар мен артериолалар. Бұлар жүректің систолалық қан мел-шеріне сəйкес қан ағысына кедергі жасау арқылы қан қысымы-ның оптимальдық деңгейін сақтайды; б) капиллярда қан ағысын реттеуші, яғни кан үлестіруші тамырлар. Бұлардың қатарына қа-бырғасында сақина тəрізді еттері бар ұсақ тамырлар пре — жə-не посткапиллярлар жатады. Сақина еттер жиырылғанда капил-лярларға қан өтпейді, ал сфинктерлер босағанда капиллярлардан-қан қайта аға бастайды. Осыған орай қан ағысына қатыспай-тын капиллярлар саны өзгеріп тұруы мүмкін.

  4. Зат алмасу тамырлары. Бүған капиллярлар мен олардыц қосылуынан пайда болатын ең ұсақ венулалар жатады. Бұлардың. қабырғасынан тканьаралық сұйықтық пен қан ішіндегі заттар алмасады. Қейбір заттар ең ұсақ артериолаларда алмасуы мүм-кін.

  5. Сыйымды не қан жинайтын (аккумуляциялайтын) тамыр-лар. Бұларға венулалар мен ұсақ веналар жатады, саңылауларьг кеңіген сəтте қанның көбі (70%) жиналады, ал тарылғанда жү-рекке қарай қанның жылжуы тездейді.

  6. Қанды жүрекке əкелетін тамырлар. Бұған үлкен қуысты веналар жатады.

  7. Артериола мен венуланы не артерия мен венаны қосатын көпірше — дəнекер тамыр анастомоз. Бұлар белгілі бір микро-тамырларда қанның ағуына оптималдық жағдай тудырады.

  8. Сорып алатын — резорбция жасайтын тамырларға кан ай-налысы жүйесінің бір бөлігі •— лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады. Бүлар тканьнен белок жəне суды сорып алыгг лимфа тамырлары арқылы венадағы қанға апарып құя-дң В. И. Ткаченко тамырларды жіктеу ілімінде олардың маңызьің толығынан қамти отырып, жүрек жəне лимфа тамырлары біп •функциялық жүйе ексніне аса көңіл аударудың қажеттігін көрсет-ті.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет