Курс – II семестр



бет63/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Тыныстың минуттық көлемі


Бір минут ішінде өкпе арқылы ететін ауаның көлемі тыныстық минуттық көлемі (ТМҚ) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қыш-қылы мөлшерінің арақатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты. ТМК əдетте орта есеппен 6—9 л болса, ал ауыр, ка- ра жұмыс істеген адамда 100—120 л-ге жетеді, тіпті одан да аса-ды. ТМҚ қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас кабына жинап, газ санақшысынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалып-ты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін бір минуттық тыныс жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады (ТМК=ҚТАх хМТЖ). МТЖ ересек адамда 14-20. ТМК осы аталған екі көр-сеткіш мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. ТМК екпенің желдену мөлшерін, өкпе вентиляциясын көрсетеді. Бірак екпенің жалпы желдену мөлшеріне альвеолалық желдену мелшері тең бол-майды (кем келеді), ейткені өкпе көпіршігіне сырттан келген ауаның тек 70%-і ғана енеді, қалғаны «өлі» кеңістіктің желде-нуін керсетеді. Альвеолалық желдену өкпедегі ауаның минут сайын жаңарып отыру мөлшерінің, екпедегі газ алмасу қаркыны-ның көрсеткіші. Қалыпты тыныс алу кезінде альвеолалық жел-дену біркелкі болады. Мысалы, «өлі» кеңістік ауасы 150 мл, ал минуттық тыныс 16 болса, «өлі» кеністіктің желденуі (ӨКЖ) 150x16=2400 мл тең. Ал ӨЖЖ (өкпенің жалпы желденуі) 8000 мл делік, онда альвеолалық желденуі бұдан «өлі» кеңістіктің желде-нуі мөлшеріндей кем болады, яғни 8000 мл
—2400 мл = 5600 мл тен.
Егер тыныс жиілігі екі есе өссе, онда альвеолалық желдену тө-мендейді. Мысалы, «өлі» кеңістіктің желденуі—150 (ӨКА) X Х32 (МТЖ)=4800 мл болса, альвеолалық желдену—8000— 4800 = 3200 мл болады, яғни ол кеп төмендейді. Сонымен «өлі»
кеңістіктің желдену мелшерінің екпеде өтетін газ алмасуына əсе-рі зор.
«Өлі» кеңістік. Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмсу проце-сіне қатыспайды, сондықтан бұл жол «өлі» кеңістік деп, ал онда-ғы ауа «өлі» кеңістік ауасы деп аталады. Өлі кеңістік көлемін анықтау үшін өлген адамның ауа жольш суйық гипске толтырады да гипс қатқан соң оны басқа бір ЫДЫСТЗРЫ суға салады, сөйтіп ығысқан су келемі арқылы өлі кеңістік өлшенеді. Ол орта есеппен 140—150 мл. «Өлі» кеңістік көлемі ауа жолы құрылысының ерек-шеліктеріне байланысты жəне тыныс ағзаларының қызмет ету қабілетіне қарай ол ұдайы өзгеріп отырады.
Сондықтан «өлі» ке-ңістік анатомиялық жəне физиологиялық болып екіге бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет