Байланысты: Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы
Бүйрек
Буйрек қан тамырларының тонусы мен түтік кеңдігін реттей-ді. Соның нəтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бірка-лыпта ^сақтайды. Мəселен, буйрек қызметінің бұзылуы салдары-нан кейбір адамдарда ұзақ уақыт қан кысымы шектен тыс көте-ріледі. Соның салдарынан бүйрек гипертониясы пайда 'болады. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу деңгейі төмендесе, бүйрек тканінің юкстагломерулалық комплексі қан тамырьщ тарылтатын арнайы гормондық зат — ренин қанға шығарылады. Рениннің майды ыдырататын ферменттерге тəн қасиетінің бар екендігі дəлелденді. Сондықтан да ол қан плазмасында а — глобулиннен (ангиотензиноген) физиологиялық дəрітсіз пептидті бөліп жəне оны ангиотензин І-ге айналдырады. Қейін одан əртүрлі өзгеріс-тер арқылы тамырды тарылтатын өте белсенді зат ангиотензин II пайда болады. Бұл зат қан тамырларын тарьуітып, турақты артериялық гипертонияға əкеліп соғады. Мүнымен қатар ангио-тензин II бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан альдостеронның шығуын күшейтеді, ал ол шөлдеу сезімің пайда етіп бүйрек тү-тікшелерінде натрийдың кері сіңуін тездетеді. Сондай-ақ қан та-мырын кеңейтетін медуллин, простагландиндер, жүрек қызметін баяулататын брадикинин сияқты заттар да бүйректе түзіледі. Бүйрек эритроцит түзілуі (эритропоэз)
процесіне де қатыса-ды, яғни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына қосылуына əсер етеді, кан түзілуін кушейтетін арнайы полипептидтер (гемо-поэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин) буйректе тузілетіні дəлелде-ніп отыр.
Буйрек аса маңызды биологиялық процесс — қан ұюына қа-тысады. Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба (үйыған қан) пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш (фибринолиздік) арнайы зат урокиназа ферменті түзіле-ді. Урокиназа бүйректегі қан айналысын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тəулікте 1400—1800 л қан өтетінін еске алсак, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Уро-киназаның əлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дəл анықтауға болады, сондықтан да бұл əдіс клиникада кеңінен пайдаланылады,
Бауырда түзілген дəрітсіз алғашқы гормон — витамин Дз бүйректе физиологиялық белсенді гормонға айналып, ішекте калыщйдің сіңуін күшейтеді. Сүйек тканінен алынған витамин Д гормоны да бүйрек түтікшелерінен кальций ионының кері сі-ңуін тездетеді.
Бүйректің белок кемірсу жəне липидтер алмасуына катысады. Бүйрек түтікшелерінің клеткасында теменгі молекулалы пептид- тер амин қышқылдарынан ажыратылады (дезаминделу) жүреді, кейін ол амин қышқылдарын организм ез қажетіне жаратады. Мұнымен қатар глюконеогенез процесі де жүреді, басқаша айт-канда табиғаты басқа органикалық заттардан глюкоза синтез-деледі. Бүйректе клетка мембранасынын, құрамына кіретін ком-понент — фосфатидилинозит синтезделеді, бұдан басқа да липид-тер алмасуымен байланысты ете күрделі айналулар жүреді.
Бүйректің негізгі қызметі — несеп тұзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару процесі диурез(несепшығару)деп аталады. Қалыпты жағдайда тəуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтын, құрамына, мөл-шеріне жəне ішкен судың мөлшеріне байланысты. Əдетте, ересек адамда тəулігіне 1000—1800 мл (орта есеппен 1500 мл) несеп тү-зіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диу-рез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия— тəуліктік диурездің азаюы; полиу-рия— тəуліктік диурездін, көбеюі, анурия
несеп түзілуінің тоқта-уы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер —• энурез («шыжың» немесе түнде несебін ұстай алмау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зəр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасыньщ құрам-дарындағы əртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қа-рау керек, үйткені бүйрек арқылы зат алмасу процесінің соңғы қалдықтары шығарылады.