Курс – II семестр



бет75/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Несеп түзілу процесі


Несеп қаннан түзіледі, онық құрамы жəне қасиеті биохимия пəнінде толық қарастырылады. Біз тек қана, оның кейбіреулері-не ғана тоқтап өтеміз. Ол — гипертониялық (қаныкқан) сүйық зат. Оның қату температурасы 1,5—2,2° (қан 0,56—0,58° қатады); тығыздығы 1,012—1,025, түсі сарғылт. Түсі несеп құрамындағы уробилин жəне урохром бояуларына байлаиысты. Несеп қүра-


мында 2—4% құрғақ зат бар.
Несептің негізгі органикалық құрамы мочевинадан тұратынын кестеден байқауға болады.
Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тəу-лігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тəулікте 10 г-нан 18 г дейін езгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, əсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды (мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгер-генде т. б.). Қалыпты жағдайда несеппен глюкоза, белок шыға-рылмайды.

Əдебиеттер:


    1. Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы” 309 бет



Дəріс №20


Тақырыбы: Сыртқа шығару процестері

Дəріс мазмұны


  1. Гломерулалық сүзілу

  2. Түтікшелердегі қайта сіңіру

  1. Бүйректің секрециялық қызметі

  2. Бүйрек қызметінің реттелуі

  3. Несеп шығару



1 Гломерулалық сүзілу


Буйрек жұп мүше, салмағы 120—200 г. Буйректің негізгі морфофункциялық құрылымы — нефрон, ол мальпиги шумақта-ры мен буйрек түтікшелерінен тұрады. Əрбір буйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торлан-ған жəне араларында интерстициальдык, сұйықтық болады. Əр-бір нефронда бір-біріне тəуелді аса курделі процестер жүріп жа-тады. Соның нəтижесінде бүйректе несеп тузіледі.
Нефрон құрылысы — өте күрделі Ол Шумлян-ский — Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан жəне түтікшелерден түрады. Нефрон-ның шумақтық бөлігі
гломерулалық бөлім деп аталады. Шум-лянский—Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелері- не айналады.' Сондықтан оны нефронның түтікше белімі деп те атайды. Бұл (қүрамында проксимал жəне дистал ирек түтіктер бар), бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі жəне несеп жиналатын түтіктер ми белімінде болады. Əр белімнің өз құры-лымдық ерекшеліктері болады.
Бүйрекке ағып келетін қаннық 85%-ке жуығы, бүйректің кыртыс қабатындағы қан тамырларында. Қанды алып келуші артериола тамырының қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық клеткадан пай да болған қалың тығыз түйін (тасиіа сіепза) бар. Оны юксха-гломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп атайды. Егер де бүйректің қан мен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бвледі. Ренин артерия қан тамырының қысымын реттеп, кандары электролиттердің мелшерін қалыпты жағдайға келтіреді-
Бүйректің қан əкелуші тамыры бүйрек артери-•ясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қолқасыньщ бір бұтағы, осыған байланысты Мальпиги шумағы капиллярла-рында қан қысымы басқа мүшелер капиллярындағы қысымына қарағанда (с. б. б. 25—30 мм) анағұрлым жоғары (с. б. б. 70—
80 мм).
Бүйректін, қан əкелуші тамырына қарағанда қан əкетуші та-мырының диаметрі (үаз еііегепз) екі есе тар. Нефрон түтікшеле-рінің ұзындығы 35—50 см, ал бүйректегі жалпы барлық түтікше-лердің ұзындығы 70— 100 км. Əр капилляр шумағы қабырғасы-сының жалпы ауданы 1,5—2 м2, яғни адам денесінін, ауданымен бірдей. Бүйрек қанындағы (геморенальдық) тосқауыл негізінен жіңішке базальдық мембрднасынан тұрады. Нефрон түтікшелері-нің құрылымдық ерекшелігі, онық жоғарғы -бөлімі цилиндр тə-різді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғ-ни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кей-ін эпителийлердің пішіні өзгеріп куб тəрізді болады, Микробүрлер бүйрек аппараты түтікшелерінің ішкі ауданынын, жалпы келемін "бірнеше рет ұлғайтады.
Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің əр белімінде əркелкі орналасқан: гексокиназа Ма+, Қ+ — АТФаза жоғарғы иірім тү-тікшелерде көбірек болады, сукцинатдегидраза (Ыа+, К+ ионда-рын тасушы) негізінен Генле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпите-лиінде кебірек, ал төменгі бөлімінде ете аз шоғырланған. Гиалу-ронидаза ферменті көбіне көп мелшерде жинайтын түтіктің эпи-телиінде орналасқан. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілуі нефронынын, қай бөлімінде болса да өте күрделі процесс екенін керсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет