Курс – II семестр


Бүйректің секрециялық қызметі



бет76/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

3 Бүйректің секрециялық қызметі


Бүйрек түтікшесінің эпителиі секрециялық қызмет те атқара-ды: түтікше қуысына шумақ эпителиінен етпеген, алғашқы не-септе болмаған коллоидты бояулар, пенициллин сияқты дəрілер соңғы несепте пайда болады.
Қазіргі ғылыми əдебиеттерде, бүйректің қызметіне тоқтаған-да секреция деген сөзге екі түрлі мəн беріледі. Бірінші түсінік — секреция — қандағы заттардың бүйрек түтікшелеріне өзгер-меген күйде өтуі. Олар əртүрлі концентрациялық жəне электро-химиялық көрсеткіштеріне қарамастан белгілі бір «тасымалда- ушылардың» көмегімен етеді. Мұндай жағдайда олардың өту жылдамдығы артады. Екінші түсінік бойынша бүйрек түтікшеле-рініқ клеткалары органикалық қышқылдар мен негіздерді ғана секрециялап қоймайды, олар кейбір бейорганикалық заттарды синтездеп шығарады. Мəселен су жəне калий ионы интерстиция-дан түтікшелерге жай етеді (секрецияланады). Бүйректің шумақ-тық белімінен сүзілген калий ионы нефрондық проксимальдық бе-лімінде қайта сіңеді. Егерде организмде калий ионының мөлшері шамадан тыс көп болса, бүйрек түтікшелерінін, дистальдык. бөлімі мен несеп жинайтын түтіктерінің ішіне қарай өтеді (секрецияла- нады), сөйтіп соңғы несептің құрамымен сыртқа шығарылады. Бүйректе креатинин синтезделіп, фосфаттар қайта пайда бола бастайды.
Академик Л. П. Орбелидің лабораториясында алынған дерек-терге қарағанда бүйрек түтікшелері канда мочевина мөлшері көбейсе, осы мочевинаны сыртқа бөліп шығара алатыны, анық-талды. Бүйректе мұнымен қатар кейбір қанда жоқ заттар түзіле-ді. Мəселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтік-шелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұзда-ры аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теңдігін (гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілті-қышқыл гомеоста-засы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық жəне синтездеу процестеріне байланысты. Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда əр уақыт өзгеріп түрады. Ол адамның ішкен тамағының кұрамына, қасиетіне мөлшеріне, қызметіне, кимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байла-нысты. Кейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі не-месе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несеп-тің рН реакциясы — қышқыл немесе сілтілі болады).,Бірақ кан-ның рН реакциясы əр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40 (сəл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті жəне қышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады. Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қаты-. сады. Бұл жағдай бүйрек тутікшелерінід клеткасында жүретін ацидогенез жəне аммонигенез процестеріне өте тығыз байланыс-ты.
Ацидогенез — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза жəне басқа ферменттердің қатысуы-мен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды жəне сілтілі фосфор қышқылының түздары пайда болып əрі шығарылатын процесс.
Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің катысуымен түтікшелер клеткасында аммиактан (ІМНз) жəне аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс. Бүл ете күрделі процесс, биохимия оқулықтарында жан-жақты əрі толық берілген.
Бүйрек функциясын зерттейтін əртүрлі əдістер, оның жұмы-сының сапасын, санын толық карастырады. Қазіргі кезде нефрология əдістері көп əрі санқилы. Бұл əдіс-тер адамның бүйрек кызметін толық жəне жан- жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тəжірибе жүзінде де, клиникада да əртүрлі геморенальдық индекстер арқылы бүйректің функциональдық жайы мен несеп түзілуін, механизмін зерттеуге болады. Бүйрек-тегі қан айналысының деңгейін, шумақтағы сүзілу шамасын, тү-тікшелердегі қайта сіңу жəне секреция дəрежесін, бүйректін концентрациялау, несеп жасау қызметін зерттеуге 'болады. Бүй-ректін, түрлі қызметін зерттеу. əдістерінің көбшің негізінде Маль-пиги шумақтарында еркін сүзілетін, ал түтікшелерде түрлі өзгерістерге ұшырамайтын жəне қаннан несепке секрецияланбай түгелімен несепке өтетін заттарды енгізу жатыр. Қан плазмасы-на енгізілген түрлі сүзілетін заттардан тазалану коэффициентін анықтайтын əдіс — клиренс тəсілі. Тазартылу коэффициентін немесе клиренс деп бүйректегі сүзілу процесі кёзінде белгілі бір уақыт ішінде қанға енгізілген заттан тазартылған плазма мөлше-рін айтады. Қлиренс əдісімен бүйректің сүзілу дəрежесін анық-тайды. Қанға инсулинмен жəне маннитол деген полисахаридтерді енгізеді, иттерде креатининді қолдануға болады.
Бүйректегі қанагыс шамасын анықтау үшін қанға параами-ногиппурлы қышқыл (ПАГ) немесе диодрастты енгізеді. Қайта сіңу шамасы қанға бір затты (глюкоза, мочевина) енгізу, ол заттың қандағы, несептегі концентрациясын анықтау жəне шы-ғарылатын несеп мөлшерін өлшеу жолымен анықталады. Түтік- шелердің секреторлық қызметі диодраст, фенолды қызыл, пара-аминогиппур қышқылының натрий тұзы т. б. қанға енгізу арқылы тексеріледі. Бұл əдістердің негізінде енгізілген заттардың қанда-ғы, несептегі мөлшерін елшеп, салыстыру жатыр.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет