Курс – II семестр



бет91/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142

2Жыныстық құштарлық.


Жыныстық құштарлық (либидо) ең əуелі қанра жыныс гормондарынын,-—андрогендер мен эстроген- дердіқ жиналуына байланысты. Сонымен бірге ОРЗН арнайы əлеу-меттік тітіркендірістер əсер етеді. Адамда əсіресе .тəрбие, жеке немесе қоғамдык, тəжірибе мацызды орын алады.
Жыныстық құштарлық биологиялық мотивациялардың бір түрі. Ол ерлер мен əйелдерде бірдей қалыптасады. Сыртқы тітіркендіргіштер ми қыртысы арқылы гипоталамустағы жыныс орта лықтарын белсендіреді. Алайда еркек пен əйелдердің гормондық механизмдері əртүрлі болрандықтан, жыныстық құштарлық езге-
ше туады. Жыныстық құштарлық андроген мен зстроген гипоталамустың алдыңғы бөлігіне əсер етіп, ми қыртысына жəне басқа құрылым-дарға белсендіруші ықпалдарьшан пайда болады.
Жыныстық кемеліне келген еркектерде тестостерон үнемі тү-зіледі, ал əйелдерде эстрогеннің түзілуі жыныс оралымына сəйкес келеді.
Іс жүзінде жыныстық құштарлықтың калыптасуына басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады (гипофиз, бүйрекүсті, қалқанша, үйқы бездері).
Еркектерде ішкі сөлініс безіне жатпаса да, куықасты жыныс безінің (простата) маңызы зор. Ол да жыныстық құштарлықтың қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Организмде жыныстық құштарлық үстем мотивация болған-дықтан, көптеген өзгерістер тудырады. Қеру, есту, иіс сезу т. б. талдағыштардың сезімталдығы күшейеді. Бұған əртүрлі шартты жəне шартсыз рефлекстер қатысады.
Адамның жыныстық (сексуальдық) мінез-кұлығы нақтылы əлеуметтік ортада қалыптасады. Сондықтан жас өспірімдерді жыныстық дұрыс тəрбиелеу — маңызды міндет. Оның мақсаты — ескелең ұрпақты еңбек пен қоғамдық əрекетке ғана емес, сонымен бірге жеке жəне жанұялық өмірге даярлау.

Жасқа байланысты жыныс ерекшеліктері


Ұрықтық даму кезіңінің 5-ші аптасынан аталық жəне аналық бездердің белгісі қалыптасады. Осы кезеңнің 2-ші айында олар аталық жəне аналық бездерге ажыратылады.
Аталық бездің гормондары ұрықтың, 8-ші аптасынан басталады. Андрогендер нəрестенің гендік бағдарланған жынысын жүзеге асырады. Нəрестенің 4 жəне 7 айлығында гипоталамус еркектерге тəн тонусты немес əйелге тəв оралымды түріне қалыптасады.
Андрогендер еркек жыныс мүшелерін дамытады, аталық без-дердің ұмаға түсуін қамтамасыз етеді. Олар жеткіншектік шақта ұлдардың жыныстық дамуына, дене тұлғасы қалыптасуына, ана- • болик ретінде белок алмасуына, гемопоэзге, бұлшықеттердің өсуі-не əсер етеді.
Үлдардың жыныстық дамуы 2 кезеңнен тұрады: 10—15 жас арасында жыныс мүшелері жəне қосымша жыныс белгілері да-миды, ал 15 жастан кейін ұрық жаңғырту (сперматогенез) кезеңі басталады.
Аналық бездерде фолликуланың пайда болуы құрсақтағы да-мудың 4-ші айынан байқалады. Ол үшін гонадотропиндердің ық-палы қажет емес.
Аналық бездерде стероидты гормондар сөлінісі құрсақтағы дамудың аярында басталады. Аналық бездердің гормондары жы-ныс мүшелерін калыптастыруға қатыспайды. Бұл кызметті анасы-ның, бала жолдасының жəне бүйрекүсті безінің эстрогендері ат-карады. Жаңа туған қыз балалардың қанында алғашқы 5—7 502 күндей анасының гормондары болады. Қейін ол жойылып, аналық бездерде фолликулалар саны азаяды.
Аналық бездердіқ дамуын алғашқы 6—7 жаста бейтараптық, 8 жастан бірінші етеккірі байқалғанша — балаңдық (препубер-таттық) жəне бірінші етеккірінен жыныстық кемелденуге дейін — балиғаттық (пубертаттық) деп 3 кезеңге бөледі. Балаңдық кезең-де эстрогендер сөлінісі жəне олардың қалдықтарының несеппен шығарылуы (экскрециясы) көбейеді. Қосымша жыныстық белгі-лер пайда болады. Əдетте, 10 жастан бастап сүт бездері өседі . (телархе), ал 12 жастан (9—14 жастар арасында) жыныс жамыл-ғылары шығады (пубархе). Дене тұлғасьшын, өсуі жеделдейді, əйелге тəн кескін пайда болады.
Балиғаттық (пубертаттық) кезең қыз балалардын, бірінші етеккірі келумен сипатталады (менархе). Орталық географиялық ендікте көбінесе бұл 12—13 жаста байқалады. Алғашқы 1—2 жылда етеккір оралымы ановуляциялы (жұмыртқа клеткасы шықпастан, сары дене түзілместен) болуы ықтимал.
Осы кезеңнен бастап аналық бездердід эстроген сөлінісі күн-шейеді. Сөйтіп бозымдық кезеңде (17—18 жаста) қыздардын жыныс гормондарының сөлінісі ересек əйелдерге сəйкес келеді. Жыныстық жетілудің аяқталуы — жыныстық толысу немесе кемелдену организмнің өсуі аяқталған кезеңде (əйелдерде 21—23 жас, еркектерде 23—25 жас) туады. Сондықтан жыныстық (сексу-альдық) мəселелер балалар аміріндегі төтенше маңызды мəселе. Ұлдар мен қыз балалардың, жігіттер мен қыздардын, жыныстық т.əрбиесі жас кезеңдеріне сəйкестеліп, дұрыс, жүйелі жəне мұқият жүргізілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет