Байланысты: Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы
1.Бауыр холестерин (түзілуі, ыдырауы, сыртқа шығуы), сон-Дай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.
Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады: кейбір ғалымдар-ДЫң бауыр — су мен минерал заттарыньщ қоймасы деуі осыған °аиланысты.
Бауырдың витаминдер алмасуында да зор мəні бар: мұнда А витамині түзіледі; майда еритін басқа витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы да осында өтеді. Кейбір витаминдер бауырда қор болып жиналады да мұндағы химиялық реакцияларға қатысады (мыс., В тобындағы витаминдер, С, РР т. б.). Екінші бір вита-миндер (Вь В2, В6) осында фосфорланады.
Бауыр — қан жүйесінің маңызды бөлігі (Г. Ф. Ланге). Ол қан түзілуіне қатысады (баланың құрсақта дамуы кезеңінде), қан айналысына, қан клеткаларының ыдырауына (Купфер клеткала- •- ры, əсіресе эритроцит пен тромбоцит гемолизі, фагоцитоз), қан-ның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады.
Бауыр қан коймасы ретінде қан айналсындағы барлық қанның 20—30%-ін тамырға айдап шығарып отырады. Оның бұл қызметі əсіресе қансырағанда жəне басқа жағымсыз жағдайда байқалады. Бауыр жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне (қан тамырының тонусы, серпінісі, жүректің жиырылу жиілігі т. б.) үлкен əсер етеді.
Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, инмундық жүйенің негізгі бөліктерінің бірі (иммунопоэз бен иммунды реак-цияларды реттейді). Бауырда қармауыш денелер ү — глобулин т. б. түзіледі. Фагоцитоз'іске асырылады. Нəрестенің құрсақта дамуы кезеңінде В — лимфоциттер, əсіресе Т — супрессорлар пайда бо-лып, жетіледі, қанға ауысады, мұнда иммундық жүйені басатын гуморальдық факторлар түзіледі.
Бауыр — экскреторлық ағза — кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.'
Бауыр— уыт қайтарғыш ағза — денеде пайд-а болған (эндогенді) жəне сырттан келіп түскен (экзогенді) əртүрлі улы заттар мен токсиндерді (олардың ішінде дəрілер де бар) бейта- раптайды.
Бауырда ыдырау, жаңа қосылыстар түзілу арқылы гор-мондар (инсулин), глюкогон, АДГ, тироксин т. б. күшін жояды.