Курс – II семестр



бет82/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Жылу реттеу механизмдері


Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморальдык, механизмдер (жүйке-қан) арқылы реттеле-ді. Бұл механизмдер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) реакциясын, яғни жылу өндіру (химиялық) жəне жылу шығару (фңзикалық) процестерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отыра-ды.і Жылу реттелу — дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын функциялық жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей жəн'е кері жүйкелік байланыс арқылы езін-өзі реттейтін процесс.

Терідегі жылу рецепторлары (терморецепторлар) яғни суық сезімін қабылдайтын Краузе сауытшалары, жылу тітіркеністі қабылдайтын Руффини шашақтары жəне сезгіш жүйке ұштары сырттағы температураның өзгеруіне шапшаң жауап береді. Бұл-ар — өте сезімтал рецепторлар. Мəселен, терідегі жылу рецеп-торлары сырттағы температура 0,007°, ал суық сезгіш рецептор-лар 0,012° езгерсе болғаны, соны сезіп, денеде жауап реакция тудырады.


Осыған орай проф. О. П. Минут—Сорохтина мынадай болжам жасады: орталық жүйке жүйесіне тері рецепторларынан келіп түскен серпініс жылу реттелу юрталығын белгілі бір дəре-жеде (тонуста) ұстап тұрады. Ішкі ағзалар рецепторларының іш-інде жылу реттелу үшін ен, маңыздысы — қарын мен вена рецепторлары жəне тері веналарында орналас-қан рецепторлар . Орталық жүйке жү-йесінде орналасқан терморецепторлардың да маңызы зор. Олар гипоталамустың алдыңғы бөлімінде (преоптикалық аймағында), ми мен жұлында орналасқан, өздеріне ағып келген қандағы температура өзгерістерін тез сезеді. Сонымен зерттеу нəтижелерінен жылу реттеу орталығы — ги-поталамус екенін байқауға болады. Гипоталамустың алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы мен тері қан тамырларының реакциясы арқылы жылу шығару механизмдері бүзылады, осы-ған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады Мұндай жануардың денесі тез қызып (гипертермия) физикалық жылу шығару процесі бұзылады. Гипоталамустың алдьщгы ядро-ларын тітіркендірсе дене температурасы темендейді. Жылу шығару процесі гипоталамустьщ алдыңғы ядроларында орналасқан жүйке орталықтарының бақылауында болады.
5 Химиялық жылу реттелу,
жылу шығарудың күшеюі, еттің ді-рілдеуі, жылу шығару орталығы болып есептелетін құрыльш-дар — гипоталамустың артқы жəне ортаңғы ядроларының бақы-лауында. Мидың осы белімі зақымданса жануардың температу-расы тым төмендеп кетеді де денеде жылу өндіру, еттің дірілдеуі секілді компенсаторлық реакция тумайды. Ал гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендірсе, дене температурасы 2—3 градус
көтеріледі.
2. Ішкі секреция бездерінің ішінде жылу реттеу процесіне қалқан-ша без, жыныс жəне бүйрекүсті бездері, олардың гөрмоңдары, əсіресе троптық гормондар (АК.ТГ, соматотропин, тиреотронин т. б.), сондай-ақ басқа ішкі секреция бездерінің қызметін реттей-тін гипофиз гормондары үлкен роль атқарады.
Гигпофиз безін алып тастаса, көжек денесінде жылу реттелу процесі бұзылады да, ол пойкилотермді жануарға айналады. Қалқанша без гор-мондары (тироксин т. б.) жылу өндіру процесін күшейтеді.
Бүйрекүсті безінің ми қабатының гормоны адреналиннің қандағы мелшері артса ,да жылу ендіру процесі күшейеді (гипертермия), мəселен, қатты күйзелген (стреске ұшыраған) адам денесінде адреналин əсерінен гипертермия (жылудьщ шек-тен тыс көп өндірілуі) пайда болады. Бүйрекүсті бездерін сылып алып тастаса не осы бездің қызметі күрт нашарласа, адам (жануар) кенеттен тоңа бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет