Курс – II семестр


Атальқ жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызметі



бет89/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142

2Атальқ жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызметі




Атальщ жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызмет атқарады. Олардьщ əрбір бөлімінде сперматогенез (ата-лық клетканың түзілуі, жетілуі жəне қор сақталуы) жүзеге асады. Ішкі селініс қызметі аталық шəует безінде жыныс гормондары — андрогендерді түзуіне байланысты. Олардьщ ішінде негізгісі жəне ен, белсендісі — тестостерон. Андростерон тестостероннан 6—10 есе
əлсіз келеді.
Еркектер организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенез-ді жəне қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелері өсіп, еркектерге тəн дене тұлғасы, жүн жамылғысы, дауыс үні жəне т. б. қалыптасады.
Аталық жыныс гормондары белок синтезін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Сөйтіп, олардың əсері еркектердің қаңқасын, бұлшықеттерін, ішкі ағзаларын есіреді.
Андрогендер шəует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзі-леді. Ол əсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердін. организмінде эстрогендер де түзіледі. Эстрадиол, тестостерон си-яқты, аталық безінде, ал эстрон бүйрекүсті безінің ізашарлары-нан жасалып шығады.

3 Əйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері


Аназьқ бездер жамбас аймағында орналасып, жатырдың жал-пақ дəнекері арқылы онын, түтігіне бекінеді. Аналық без үш түрлі қызмет атқарады. Гаметалық (ұрық жетілдіру) — аналық безде-рінде жұмыртқа клеткасын түзу жəне жетілдіру. Жаңа туған кез-де аналық бездерде бірнеше жүз мьщнан 2 млн-ға жуық əлі же-тілмеген жүмыртқа клеткаларынан қүралатын фолликулалар (кепіршіктер) болады, олар жалаң қабатты эпителиймен қоршал-ған, қабырғалары ішкі селініс қызметін атқарады. Жыныстық кемелдену шақта қалыпты физиологиялық атрофиядан кейін 40—60 мьщ фол'ликула қалады. Балиғаттық кезең аяқталған соң гипофиз гормондарының ықпалынан əрбір ай сайын 300—400 фолликула дамиды. Алайда əйелдердің 30—35 жылға созылатын бала көтеретін шағында небəрі 400 фолликула пісіп жетіледі, кал- ғандары атрезияға душар болады. Сөйтіп əйелдердің бала көте-ретін жасында барлығы 300—500 жүмыртқа клеткасы жыныстық кемеліне жетеді.
Əйелдердің бала көтеретін кезеқінде аналық бездің қыртыс кабатында фолликулалардьщ жетілуі, овуляция (жұмыртқа клеткасының шығуы), орнына сары дене түзілуі, оның жүктілікке байланысты тағдыры оралымды түрде кайталанып отырады.
Аналық бездер де ішкі сөлініс (эндокриндік) қызметін атқа-рады. Фолликулада қуыс пайда болған сəттен жыныс гормондары эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстрол) түзіледі.
Əйел организмінде фолликуланьщ даму жəне жетілу кезевдері жыныс оралымының ерекшеліктері мол эстрогендік кезін тудыра-ды.
Жыныс оралымының орта кезінде гипофиздің жəне басқа түрт-кілердің əсерінен грааф көпіршігі жарылып (овуляция), құрсақ қуысына жұмыртқа клеткасы шығады. Жарылған фолликуланын, қабырғасы кабысып, оньщ орнында бірнеше сатыдан өтетін сары дене пайда болады. Осыдан кейін жыныс оралымының лютеин кезі басталады.
Сары дене етеккірдің жəне жүктіліктің кезінде əртүрлі қызмет атқарады. Етіккер сары денесінің əрекеттік мерзімі 12—14 күн. Жасөспірімдік жəне климакс (етеккірі тоқтаған) кезеңінде сары дененің белсенділігі темендеп, тіршілік мерзімі қысқарады. Сары дене бүкіл əйел организмнің' оралымды құбылыстарьшың ырға-ғына əсер ететін прогестерон жəне эстроген гормондарын түзеді. Овуляциядан кейін 7—8 күні қанда прогестеронның жəне несепте прегнандиолдың мелшері өседі. Ал етеккір келер алдында прогес-теронның мөлшері өте азайып, жатырдың кілегейлі қабықшасын-ДЗРЫ қан тамырларының ішкі қабаты сылынып түседі. Жатырдың кілегейлі қабығы ісініп, жалаңаштанған қан тамырларынан қан құйылады да, етеккір кёледі. Бұл процесс 3—5 тəулікке созылады да, əрбір туар ай сайын қайталанып отырады.
Жүктіліктің сары денесі аналық клетка ұрықтанып, зигота тү-зілгеннен бастап қалыптасады. Мұның прогестероны жатыр тү-тікшесінің жəне жатырдың өзінщ жиырылу іс-əрекеті ырғағын реттейді. Ол жатырдың жиырылуын тежеп, ұрықтанған аналық клетканың кілегейлі қабықшаға еніп бекінуіне мүмкіндік жасай-ды. Жүктіліктід алғашқы 2—3 айлырында сары дене тез есіп, гормон түзу белсенділігі артады. Оның өркендеу сатысы жүкті-ліктің 6-шы айьша дейін созылып, одан кейін кері дами бастайды. Мұны аналық бездердің гестативтік (жүктілікті сақтау) қызметі деп атайды. Кейін, жүктіліктің 4-ші айлығынан бастап сары дене бұл қызметін плацентаға тапсырады. Сөйтіп ол жүктілік аяқтал-ғанша эндокриндік қызмет атқарыды.
Организмдегі мұндай оралымды өзгерістерге де жыныс гор-мондарынық түзілуі сияқты гипофиз гормондары əсер етіп, орта-лык жүйке жүйесі бақылап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет