Курс – II семестр



бет99/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   142
Байланысты:
Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы

Бейімделіс механизмдері. Адам экологиясының негізгі мақса-ты организмнің бейімделіс əсерленісін қамтамасыз ететін физио-логиялық механизмін тексеріп, икемделу əрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оңы жақсарту жəне аурудың алдын алуда ете тиімді жүйелер
жасау.
Организмнің икемделу əсерленісі негізін жүйкелік жəне гумо-ральдық механизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан жəне төтенше тітіркендіргіштер оқыс əсер еткенде, оларды қа-былдап, өңдейтін негізгі жүйке құрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзе-ге асыратын бейімделістін, жалпы физиологиялық механизмдері əрекеттік жүйелер аркылы атқарылады. Ол қозғағыш жəне жағ-дайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нəтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нəтижесін салыстырғыш (акцептор) аппа-рат іске қосылады. Əрекеттік жүйе лимбия, торлы қүрылым жəне ми кыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.
Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекс-тер арқылы жасалады. Ол əсіресе бейімделу жақтарының сақтық жəне ишаралық мəнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай, əрбір бейімделіс, əсіресе тетенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктін, маңызды жү-йелерін реттеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бұл бейім-делістің алғашқы сəттерінде өтеміс механизмнің белсендірілуі ар-
кылы жүзеге асырылады.
Жалпы өтеміс механизмдер ортаның төтенше түрткілерінен т^уатын алғашқы рефлекстік əсерленіс. Ол организмдегі əре-кеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бұл те-тіктер биологиялық маңызы бойынша, организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар өте жылжы- малы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ете-тін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл тиімді өтеміс тетіктер организм барабар емес жағдайларға тап болғанда, ұзақ уақыт гомеостазды қажетті деңгейде, яғни бейімделістін, тиянақты кезі шыққанша, ұстап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет