Курс 1 топ / группа 102 б сағат саны / Количество часов


Дәрілік түймедақ (лат. Matricaria chamomilla)



бет5/6
Дата17.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#108260
1   2   3   4   5   6
1.Дәрілік түймедақ (лат. Matricaria chamomilla)
Табы: Қос жарнақтылар
Сипаттамасы:
Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады.
Қолдануы: Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.
Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.
Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.
Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.
Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.
Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.


2. Мята (лат. Mentha)
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Тұқымдасы:Lamiaceae
Сипаттамасы:
Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол.
Қолдануы: Тамақ дайындауда және медицинамен қатар косметика өндірісінде, ароматерапияда және басқа салаларда қолданылады. Жалбыздың керемет жағымды хош иісі бар екенін бәрі біледі. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет