Курс 1 топ / группа 102 б сағат саны / Количество часов


Шашаңқы ақбасқурай -қырыққабаттыр тұқымдасына жататын жабайы өсімдік



бет2/6
Дата17.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#108260
1   2   3   4   5   6
Шашаңқы ақбасқурай -қырыққабаттыр тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Медицинада дәрілік шикізаты ретінде өсімдіктің шөбін (Herba Erysmi) өсімдік дамуының екінші жалында жинайды. Шөбін орып алады да, кептіргіштерде 50-600С температурада немесе шатыр астында, көлеңкелі жерледе жұқалап жайып, араластыра отырып к
ептіреді.

1-сурет Шашаңқы ақбасқурай медицинада өсімдіктің препараттарын жүректің ревматикалық ақауларында, стенокардияда, вегетативті невроздара қабылдайды.

Ақ құлақ жылқы қымыздық -жабайы емдік өсімдік. Тұнбасы мен сығындысы ауыз қуысының ойылуы (стоматит), тамақ ауырғанда (ангина) беріледі. Жапырақтарын жараларға, сыздауыққа, іріңге, тіпті күйікке жапсырады. Бөртпе мен қышымаларға да пайдалы.
Халық емінде іріңдеген жараларды емдеу үшін, қанды тоқтату үшін жемісін қайнатпа ретінде әзірлейді. Гүл шоғырының қайнатпасы іш өткенде, дизентрияда, асқазан ауруларында пайдаланады. Байқап тұрғаныңыздай, қымыздықтың әрбір бөлігінің денсаулыққа пайдасы бар.




2-сурет. Ақ құлақ оның жапырағын бәлішке салма ретінде де, салатқа да қосады. Сусын ретінде қайнатып, ішсе болады.

Қара меңдуана (лат. Hyoscyamus niger) – алқалар тұқымдасы, меңдуана туысына жататын екі жылдық шөп тектес, ұнамсыз иісі бар улы өсімдік. Қара меңдуана дәрілік шикізаты және одан жасалған препараттар жүйке жүйесін тыныштандыруға, аяқ-қолдың дірілін басуға қолданылады. Өсімдік жапырағының ұнтағы "астматол" препаратының құрамына кіреді, ол кеңірдектің демікпе ауруына қарсы пайданалады. Меңдуана майы адамды тыныштандыруға, сондай-ақ ревматизм, радикулит ауруларына қарсы қ
олданылады.

3-сурет. Қара меңдуанамен уланғанда жүйке жүйесінің қозуы тежеліп, әлсіреп, тынысы тарылады, ондай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Қара меңдуананың жапырақтары маталарды сарғыш жасыл түске бояйды.




2

Жабайы дәрілік өсімдіктермен таныстыру
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері туралы жалпы мәліметтер

Емдік шөптер: білгенге – ем, білмегенге – у
Шөптерден дәрі қалай жасалады?
Біріншіден, дәрілік өсімдіктердің таралған мекенін анықтап, білу керек.
Екіншіден, емдік қасиеті жоқ өсімдіктерден ажырату үшін сырт пішіні мен құрылысы егжей-тегжейлі зерттеледі. Өсімдік кептірілген және майдаланған ұнтақ түрінде болса, құрылысын тек микроскоп арқылы анықтауға тура келеді.
Үшіншіден, шөптерден алынған шикізатты фармакология ғылымының өкілдері зерттейді. Бұл тұстағы фармакология дегеніміз – өсімдіктерден химиялық жолмен алынған дәрілік заттардың жануарлар мен адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің улылығының қандай дәрежеде, қанша мөлшерде екені анықталады.

3

Өсімдіктердің емдік қасиеттері.

Дәрілік шөптердің құрамында емдік қасиеті бар кем дегенде бір зат бар. Бұл зат (заттар) көбінесе өсімдіктердің ұлпалары мен бөліктерінде біркелкі таралмайды (таралады). Сондықтан, дәрілік шөптерді жинаған кезде пайдалы элементтердің қай жерде шоғырланғанын және олардың концентрациясы ең жоғары болатын өсімдік дамуының максималды кезеңін білу қажет.

3

01.06.2023

1

Мәдени және интродукцияланған өсімдіктерге сипаттама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет